20
Сәрсенбі,
Қаңтар

һижри

Құрандағы ілімнің орны

Бір аят тәпсірі
Жарнама

Ислам діні ілімге үлкен көңіл бөлген дін. Оны Құранның аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерінен байқаса болады.

Мысалға Құранда ілім жайында айтылған аяттар:

{وَ قُلْ رَبِّ زِدْنِي عِلْماً}

«“Раббым, білімімді арттыр!”,- де.» (Таһа 114)

{قُلْ هَلْ يَسْتَوِي الَّذِينَ يَعْلَمُونَ وَالَّذِينَ لا يَعْلَمُونَ إِنَّمَا يَتَذَكَّرُ أُولُو الْأَلْبَاب}

«“Білгендер мен білмегендер тең бола ма?”,- де. Шын мәнінде ақыл иелері ғана үгіт ала алады.» (Зумар 9)

{ يَرْفَعِ اللَّهُ الَّذِينَ آمَنُوا مِنْكُمْ وَ الَّذِينَ أُوتُوا الْعِلْمَ دَرَجَات}

«Алла сендерден иман келтіргендердің және ғылым берілгендердің дәрежелерін көтереді. Істегендеріңді толық біледі.» (Мужәдилә 11)

{شَهِدَ اللَّهُ أَنَّهُ لا إِلَهَ إِلَّا هُوَ وَالْمَلائِكَةُ وَ أُولُو الْعِلْمِ قَائِماً بِالْقِسْطِ }

«Алла, періштелер және әділет үстінде тұрушы ғылым иелері, расында тым үстем, хикмет иесі Алладан басқа ешбір тәңір жоқтығына куәлік берді.» (Әли Имран 18)

{وَمَا يَعْلَمُ تَأْوِيلَهُ إِلَّا اللَّهُ وَ الرَّاسِخُونَ فِي الْعِلْمِ يَقُولُونَ آمَنَّا بِهِ كُلٌّ مِنْ عِنْدِ رَبِّنَا}

 «Оның ұғымын Алла ғана біледі. Сондай-ақ ғылымында озат болғандар: «Бұған сендік. Барлығы Раббымыздан» дейді. Бұны ақыл иелері ғана түсінеді. » (Әли Имран 7)

{إِنَّمَا يَخْشَى اللَّهَ مِنْ عِبَادِهِ الْعُلَمَاء}

«Шын мәнінде Алладан қорқатындар құлдарының ішіндегі ғалымдары.» (Фатыр 28)

Ал Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерінде былай дейді:

طلب العلم فريضة على كل مسلم

«Білім іздену әр мұсылманға парыз.» (Ибн Ади, Хаким, Ибн Абдулбарр, Байхақи)

إن الله و ملائكته و أهل السموات و الأرض حتى النملة في جحرحا و حتى الحوت في البحر ليصلون على معلمي الناس الخير

«Расында Алла, Оның періштелері, аспандағылар мен жердегілер, және илеуіндегі құмырсқа мен теңіздегі балық та адамдарға жақсылықты үйретушіге жарылқау тілейді.» (Тирмизи)

من سلك طريقا يلتمس فيه علما سهل الله له به طريقا إلى الجنة

«Кімде – кім білім іздеуге жолына шықса, Алла Тағала оған жәннатқа бару жолын жеңілдетеді.» (Муслим)

Құран мен ілімге қатысты айта кетер және бір жәйт бар, ол – Жәбрейіл періште Алланың әмірімен Пайғамбарымызға (с.ғ.с) ең алғаш уахиди әкелгенінде ислам дінінің ілімге негізделгенін, оны қолдайтынын, ол ешбір адасушылыққа, соқыр сенімге құралмағанын қуаттай түсетін мына аяттарды түсірді:

{اقْرَأْ بِاسْمِ رَبِّكَ الَّذِي خَلَقَ * خَلَقَ الإِنْسَانَ مِنْ عَلَقٍ * اقْرَأْ وَرَبُّكَ الأَكْرَمُ * الَّذِي عَلَّمَ بِالْقَلَمِ * عَلَّمَ الإِنْسَانَ مَا لَمْ يَعْلَمْ}

«Оқы! Сондай жаратқан Раббыңның атымен (оқы)!

Ол, адам баласын ұйыған қаннан жаратқан.

Оқы! Ол Раббың аса ардақты.

Сондай қаламмен үйреткен.

Ол, адамзатқа білмеген нәрселерін үйреткен.» (‘Алақ 1-5)

Осылайша Құранның ең алғаш бұйрығы «Оқы!» деген бұйрық болған. Алайда мұғжиза болып табылатын Құран Кәрімнің ілімге үндеуі тек бұнымен шектелмейді. Керісінше, ілім деген Құранның негізі іспеттес, себебі қай сүрені қарасақ та тікелей, я да жанамалы түрде оның іліммен байланысы барын байқаймыз.

Құранда «ілім» сөзі бүкіл жалғау-жұрнақтарымен 779 рет қайталанған екен. Ол деген Құранның сүрелерінің санынан шамамен жеті есе артық демек. Бұл сан тек түбір « ع ل م» деген әріптерден құралған ілім деген сөзге ғана қатысты. Ал одан бөлек Құранда ілім сөзімен мағыналас басқа да сөздер бар, мысалға: яқин (анық білу), һуда (бағыт), ақыл, пікір, назар (ой жүгірту, қарау), хикмет (даналық), фиқһ (түсінік), бурхан, дәлил, хужжа, аят, байинат (соңғы бес сөз–дәлел деген мағынаның төңірегінде қолданылады) және тағы басқа.

Құранның ілімге қатысты тұсы Құранның түскен сәтімен ғана шектелмейді. Себебі Құранның аяттарында ілімнің маңызы Адамның (а.с) жаратылысымен де ұштастырылған тұстарын байқай аламыз. Адам (а.с) дәл осы ілімі үшін жердің халифасы етіп тағайындалды, дәл осы ілімі үшін де періштелер оған құрмет сәждесін жасады, осы ілімі үшін мәртебесі мен абыройы биік болды. Құранда бұл туралы былай айтылды:

{وَإِذْ قَالَ رَبُّكَ لِلْـمَلاَئِكَةِ إِنِّي جَاعِلٌ فِي الأَرْضِ خَلِيفَةً قَالُوا أَتَجْعَلُ فِيهَا مَنْ يُفْسِدُ فِيهَا وَيَسْفِكُ الدِّمَاءَ وَنَحْنُ نُسَبِّحُ بِحَمْدِكَ وَنُقَدِّسُ لَكَ قَالَ إِنِّي أَعْلَمُ مَا لاَ تَعْلَمُونَ * وَعَلَّمَ آدَمَ الأَسْمَاءَ كُلَّهَا ثُمَّ عَرَضَهُمْ عَلَى الْـمَلاَئِكَةِ فَقَالَ أَنْبِئُونِي بِأَسْمَاءِ هَؤُلاَءِ إِنْ كُنْتُمْ صَادِقِينَ * قَالُوا سُبْحَانَكَ لاَ عِلْـمَ لَنَا إِلاَّ مَا عَلَّمْتَنَا إِنَّكَ أَنْتَ الْعَلِيمُ الْـحَكِيمُ * قَالَ يَا آدَمُ أَنْبِئْهُمْ بِأَسْمَائِهِمْ فَلَـمَّا أَنْبَأَهُمْ بِأَسْمَائِهِمْ قَالَ أَلَمْ أَقُلْ لَكُمْ إِنِّي أَعْلَمُ غَيْبَ السَّمَاوَاتِ وَالأَرْضِ وَأَعْلَمُ مَا تُبْدُونَ وَمَا كُنْتُمْ تَكْتُمُونَ * وَإِذْ قُلْنَا لِلْـمَلاَئِكَةِ اسْجُدُوا لآدَمَ فَسَجَدُوا إِلاَّ إِبْلِيسَ أَبَى وَاسْتَكْبَرَ وَكَانَ مِنَ الْكَافِرِينَ}

«Раббың періштелерге: «Әрине мен жерде бір орынбасар жаратамын!»,- деген кезде (Періштелер): «Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба? Негізінен біз Сені дәріптеп, мақтау мен пәктаудамыз» деді. Алла: «Мен сендердің білмегеңдеріңді жақсы білемін!»,- деді.

Алла Адамға (а.с) біртұтас атауларды үйретті де сонан соң оларды періштелерге көрсетіп: «айтқандарың рас болса, Маған осы нәрселердің аттарын айтып беріңдер» деді.

 Періштелер: «Сен пәксің! Біздің, Сенің үйреткеніңнен басқа білеріміз жоқ. Әрине Сен толық білуші, өте данасың» деді.

(Алла): «Әй Адам! Оларға, бұлардың аттарын баян ет» деді. Сонда (Адам а.с) оларға ол заттардың аттарын айтқан сәтте, Алла: «Мен сендерге көктер мен жердің құпиясын, сендердің де көрнеу, көмес істегендеріңді білемін деп айтпадым ба?»,- деді.

Сол уақытта періштелерге: «Адамға сәжде қылыңдар» дедік. Сонда олар дереу сәжде қылды. Бірақ Ібіліс бас тартып, дандайсып қарсы келушілерден болды.» (Бақара 30-34)

Ілімнің абзалдығын, артықшылығын, құрметін Құраннан, хадистерден және де үммет ғалымдарының кітаптарынан молынан байқауға болады. Үмметтің алғашқы буыны бұны жақсы түсінген, әрі лайықты түрде іске асырған. Сөйтіп аз ғана уақыттың ішінде әлем жаңа ғұламаларға тап болып, ілім прогресінің жаңа толқынын туғызды. Сөйтіп аттары әлемге әйгілі болған Әл-Фараби, Ибн Сина, Хауарезми,Ибн Халдун сынды адамзаттың жұлдыздары ортаға шықты. Алайда бұл туралы кейінірек жазармыз.

سُبْحَانَكَ لاَ عِلْـمَ لَنَا إِلاَّ مَا عَلَّمْتَنَا إِنَّكَ أَنْتَ الْعَلِيمُ الْـحَكِيمُ

«Сен пәксің! Біздің, Сенің үйреткеніңнен басқа білеріміз жоқ. Әрине Сен толық білуші, өте данасың»

Ummet.kz

Бөлісу: