19
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Мен сендерге уәкіл емеспін

Мен сендерге уәкіл емеспін

Бір аят тәпсірі
Жарнама

"Кәфирун" сүресінің соңғы аятында адам баласы үшін ғибыратты қортынды берілгендей.

«لَكُمْ دِينُكُمْ وَلِيَ دِينِ» – «Ендеше сендердің діндерің – сендерге, менің дінім – маған». «Сендердің діндеріңің» барлық жауапкершіліктері, есебінің жазасы, обалы, т.б, барлығы да сендерге тиесілі. «Менің дінім маған» яғни Хақ Ислам діні де менікі[1]. Оның барлық сауап, жақсылығы да маған тиесілі. Бұл Алла Елшісінің кәпірлердің табынушылықтарынан мүлде алыстығын көрсетіп, өзінің шексіз құдіретке ие, жалғыз Алла Тағалаға құлшылық еткендігін қуаттайды. Әрі кәпірлердің дін мәселесінде Алла Елшісі мен оған иман келтіргендермен ешуақытта бірлесе алмайтындығын және үміттерін біржолата үзу қажеттілігін көрсетеді. Міне, мүшріктердің ұсыныстарына осылай жауап берген бұл сүре әркімнің қалауы өз еркінде екендігін және сол қалаған нәрсесіне түгелдей өзі жауап қайтаратындығын білдіреді. Шындығында, Құран арождан еркіндігін әкелген. Ешбір жанды зорлықпен дінге кіргізуді әмір етпеген.

Алла Елшісіне: فَإِنَّمَا عَلَيْكَ الْبَلَاغُ  – «Сенің міндетің тек қана естірту» («Әли Имран», 20; «Нахыл», 82; «Шура», 48), деп Пайғамбардың уазипасы адамдарды мәжбүрлеуші емес, естіртуші, насихатшы екендігін айтқан. Басқа аятта да:. «وَمَا أَنتَ عَلَيْهِم بِجَبَّارٍ» - «Сен оларды мәжбүрлеуші емессің» («Қаф», 45) деген. «لَا إِكْرَاهَ فِي الدِّينِ» – Дінде зорлық жоқ» («Бақара», 256), «قُلْ يَا أَيُّهَا النَّاسُ قَدْ جَاءَكُمُ الْحَقُّ مِن رَّبِّكُمْ ۖ فَمَنِ اهْتَدَىٰ فَإِنَّمَا يَهْتَدِي لِنَفْسِهِ ۖ وَمَن ضَلَّ فَإِنَّمَا يَضِلُّ عَلَيْهَا ۖ وَمَا أَنَا عَلَيْكُم بِوَكِيلٍ» - «Айт: Ей, адамдар, міне, сендерге Раббыларыңнан ақиқат келді. Енді жолға түскісі келген өзі үшін түсер, айнып адасқанның кесірі өзіне. Мен сендерге уәкіл емеспін» («Жүніс», 108) сынды аяттар ар-ождан еркіндігінің ең айқын көрінісі.

 Материал "Мәңгілік мұғжиза" кітабынан алынды

_______________________

[1] Тәфсирул-Бәғәуи, 8-том, 564-бет

Бөлісу: