21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Қазақы тыйымдар: Қолыңды төбеңе қойма

Қазақы тыйымдар: Қолыңды төбеңе қойма

Дәстүр даналығы
Жарнама

Айналасынан зәбір-жапа көріп, тұрақтайтын тиянақ таба алмай, жанашыр сезімге зар болған адам ел-жұртынан безіп кетуге бел буғанда қолын төбесіне қойған.

"Енді сендерді желкемнің шұңқыры көрсін, көз жетпес жаққа жоғалам", - деп артына бұрылмай кетеді.

Ол сол кеткеннен қайтып оралмайды. Мұндай ауыр тәуекел, тосын шешім жасайтындар сирек болса да ел ішінде кездескен екен. Мысалы, тарихта болған оқиға – Шәкәрім қажы Құдайбердіұлының "Қалқаман-Мамыр" дастанындағы Қалқаман өзін өлімге қиып, оққа байлаған ел-жұртынан осылайша кетіпті, яғни қолын төбесіне қойып артына қарамай жөнеліпті. Қайтып өз еліне – Тобықты ішіне қайтпаған.

"Қолыңды төбеңе қойма" деген – тіршіліктен түңілу, дүниеден баз кешу, ел-жұртынан, кіндік қаны тамған туған жерден айырылу секілді қасіретті жағдай кімнің де болса басына түспесін, жаманнан аулақ болсын дейтін тілектен шыққан тыйым.

материал «Күретамыр» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: