10
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әл-Фараби өз өлімімен өлген бе?

Әл-Фараби өз өлімімен өлген бе?

Ұлы тұлғалар
Жарнама

Еліміздегі фарабитанушы ғалымдар әл-Фарабидың 80 жасқа келгенде өмірмен қоштасқанын, өз ажалымен өмірден өткенін айтады.

Алайда, әл-Байһақи жазбаларында Фарабидың кісі қолынан қаза тапқаны айтылады. Мысыр билеушісі әл-Фараби идеясынан қатты қорқады екен. Сондықтан оған қарақшыларды арнайы жіберіп, өлтірткен дейді: «Қарақшылар Фарабиді жолда тоқтатып өлтірді. Фараби қарақшыларға: «Атымды, киімімді, ақшамды ал, өзімді босат», – дейді Олар ештеңесін алмай, өзін өлтірді», – дейді. Егер Фарабиге шабуыл жасаған қарақшылар болса, ақша мен мүлікті алып жайына кететін еді ғой...

Солай сексеннен асқан шағында ұлы ғұлама Димашық қаласында мерт болады. Оның жерлеу рәсімінің қалай өткені туралы араб тарихшысы Ибн Әби Усайбиға: «Әбу Насыр 338/949 жылы Мысырға сапар шегіп, соңыра Димашыққа оралды да, 339/950 жылдың раджаб айында, халифа ар-Радидің 322-329/934-941 ж. патшалық құрып тұрған кезінде Сайф ад-Дәула Әли бин Хамданның қолында қайтыс болды. Сайф ад-Дәула өзіне жақын, арнайы он бес нөкерімен оның жаназасына келеді», – деп жазады. Ғалым әл-Фарабидың кіші қақпа жағындағы зиратқа жерленгенін де айтады.

материал «Тұлғалар өміріндегі Ислам» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: