26
Жұма,
Сәуір

һижри

Ғылым артық па, әлде мал артық па?

Ғылым артық па, әлде мал артық па?

Дін және ғылым
Жарнама

Бірде яһудилер сахаба Әлиге (р.а) "Ғылым артық па, әлде мал артық па? - деп оқыстан сұрақ қойыпты.

Сонда Әли (р.а):

Бірінші, білім артық. Өйткені білім - пайғамбарлардан қалған мирас, ал мал – перғауын мен Қарынбайдың мирасы.

Екінші, білім сені сақтайды, ал малды сен сақтайсың.

Үшінші, білімнің досы көп, ал малдың дұшпаны көп.

Төртінші, білімді жұмсасаң арта береді, малды жұмсасаң азая береді.

Бесінші, білім саған құрметті атақ береді, ал мал "сараң" деген атқа калдырады.

Алтыншы, білім өзін-өзі сақтайды, ал малды үнемі бағып, күту керек.

Жетінші, білім Қиямет күні иесіне шапағатын жасайды, ал мал иесіне қисапсыз жауап бергізеді.

Сегізінші, білім тозбайды, жоғалмайды. Ал мал болса, қолдың кірі, өледі жоғалады.

Тоғызыншы, білім көңілді нұрландырады, адамға ақыл-ой қосады, ал мал масаттандырады, болған үстіне бола түссе екен деп дүниеқоңыз етеді.

Оныншы, білім Аллаға зекет беруге шақырады, таухидті бекітеді, ғибадатты дұрыстайды, ал мал иесінің көңіліне тәкаппарлық салады, - деп жауап берген екен.

ummet.kz

Бөлісу: