25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Пирамидалар мен Құран Кәрімнің ол туралы айтқаны

Дін және ғылым
Жарнама

Перғауындардың салып кеткен алып пирамидалары қатты ыстыққа күйдірілген балшықтардан жасалған. Бұл деректі Америка мен Франция елдерінің ғалымдары қуаттауда. Ал Құран Кәрім бұл туралы егжей-тегжейлі айтып берген. Алла Тағала Құран Кәрімде Перғауынның:

 فَأَوْقِدْ لِي يَا هَامَانُ عَلَى الطِّينِ فَاجْعَل لِّي صَرْحًا لَّعَلِّي أَطَّلِعُ إِلَىٰ إِلَٰهِ مُوسَىٰ وَ إِنِّي لَأَظُنُّهُ مِنَ الْكَاذِبِينَ

«Мен үшін балшыққа от жағып (яғни балшықты отқа қыздырып), бір мұнара жаса. Бәлкім Мұсаның Тәңірін көрермін. Расында оны өтірікші деп ойлаймын, (Қасас 38)»–деген сөзін жеткізді. Бұл ақиқатты Америка мен Францияның үлкен ғалымдары да нақтылауда. Пирамидалықтастардың микроскопиялық электронды суреттері жарияланды. Сөйтіп бұл биік құрылыстың тастары дәлме-дәл Құран Кәрімде айтылғандай асылы балшықтан екендігі расталды. Перғауын пирамиданың қалай жасалғанын жасырып қалғысы келген еді, алайда Алла Тағала бұл Құранның ақиқат кітабы екенін дәлелдеу үшін перғауынның жасырғанын паш етті.

 

 

(Материял Абдуддаим Кахилдің «Ал-Маусуъа ал-мусаууара фил-Құран ал-Карим уас-сунна Мутаххара» атты кітабынан алынды.)

(Аударған: Айбек Абдіқадір)

Бөлісу: