19
Жұма,
Сәуір

һижри

Қарайған өкпе

Дін және ғылым
Жарнама

«Daily mail» газетінде жарияланған мақалада зерттеушілер темекі шегу елуден астам қатерлі ауру түрін қоздыратынын қуаттағаны айтылған.

Оның ішінде: өкпенің, терінің, ауыздың қатерлі ісігі, жүрек талмасы, қан қысымының көтерілуі,  ми тамырларының бітеліп калуы т.б. бар. Жоғарыдағы суретте темекі шеккен адамның өкпесі көрсетілген. Ол қасындағы темекі шекпейтін адамның қызғылт келген өкпесімен салыстырғанда қаншалықты қарайып кеткенін байқай аламыз. Бұл екі сурет арасындағы айырмашылықтың қаншалықты үлкен екеніне тоқталмай ақ қоялық, алайда барлық темекіге әуес болған бауырларымызды осы сәттен бастап темекіден бас тартуға шақырамыз. Одан бас тарту анау айтқандай қиын емес, бұған дейін өз басымнан да өткен. Оның ең оңай жолы – қаперіңе темекі келген әр сәтте темекінің ақырын басқан ажал екенін, ол деген өз-өзіне жәймендеп қол салу екенін ескеру. Алла Тағала бұл туралы:

وَلَا تَقْتُلُوا أَنفُسَكُمْ ۚ إِنَّ اللَّهَ كَانَ بِكُمْ رَحِيمًا

«Және де өз-өздеріңді өлтірмеңдер! Расында Алла сендерге ерекше мейірімді» (Ниса 29) деген.

         Темекі шегу деген–өзін-өзі жайлап өлтіру. Алладан баршамыз үшін ауруымыздан айықтыруын сұраймыз.

(Материял Абдуддаим Кахилдің «Ал-Маусуъа ал-мусаууара фил-Құран ал-Карим уас-сунна Мутаххара» атты кітабынан алынды.)

(Аударған: Айбек Абдіқадір)

Ummet.kz

 

Бөлісу: