23
Сенбі,
Қараша

һижри

Адам клеткаларына мәліметтердің жүктелуі

Адам клеткаларына мәліметтердің жүктелуі

Дін және ғылым
Жарнама

Әйелде ұрықтанған жұмыртқа клеткасы 46 хромосомнан тұратын, еркек пен әйелге қатысты генетикалық ерекшеліктерге ие толық клетка болып саналады.

Адамның толық жоспары осы 46 хромосомның 15-ін ғана құрайтын «ДНК» малекулаларында жазылған.

Карл Саган, микроскоппен де көрінбейтіндей кішкентай түйіндерге жазылған осы мәліметтер жайлы былай дейді: «Бір «ДНК» молекуласында бес миллиард «бит» мәлімет бар. Осы мәліметтер мың томдық кітап болатындай ауқымда»[1].

Бұл адамның мақсатсыз, басы бос, кездейсоқтықтарға тәуелді өмір сүрудің орнына, жоспарлы және тұрақты жаратылысқа ие болғандығын көрсетеді. Адамның тырнағының ұшынан бастап шашының ұшына дейін шамамен жүз триллионнан артық клеткаларына жазылған осы мәліметтер оқылған жағдайда, адамның қандай да бір клеткасында өткеніне және бұрынғысына, бәлкім шексіз келешекке байланысты өмір кезеңін білу мүмкін болар еді. Жапонияның бастамасымен басталған кейбір өлкелерде, клеткадағы осы «ДНК» молекуласының сырын ашуға талпыныс жасалуда.

Париж Клаудиа-Бернард қарттық зерттеу орталығының директоры Жакк Третон, адамның әрбір клеткасында жазылған бұл жоспарды былай баяндайды: «Зерттеулер, біздің өмір сүру уақытымыздың генетикалық бір жоспарға тәуелді екендігін көрсетеді. Барлық нәрсе, әрбір клетканың ішінде бір сағат бар екендігін көрсетеді. Клеткалар неше есе көбейгендіктерін және қай жерде тұрақтайтынын біледі. Мысалы, отыз жастағы адамнан алынған клеткалар сыртта 60 рет бөлініп көбейе алса, жетпіс жастағы адамнан алынған клеткалар, тек 20 рет қана бөлініп көбейе алады[2].  Құран кәрімде, адам физиологиясындағы осы құлдырауға былай ишарат етіледі:

وَمَن نُّعَمِّرْهُ نُنَكِّسْهُ فِي الْخَلْقِ ۖ أَفَلَا يَعْقِلُونَ

«Біз кімге ұзақ өмір берсек, жаратылысын керісіне бұрамыз, күштен кейін әлсіздікке түсіреміз. Еш ойланбай ма?» («Ясин» сүресі, 68).

Жоғарыда келтірілген кейбір аяттар мен хадистерде, ана құрсағындағы шикі етке періштелер арқылы мәліметтер жүктелетіндігін айтқан едік. Бұлар дүниеге келетін баланың рыздық, өмір сүру ұзақтығы, амалы, жынысы, дұрыс немесе бұзақы болуы сияқты негізгі өмір жоспарларын қамтиды.

Осыншалық оригинал және жоғары жаратылысқа ие болған адамның, түрлердің дамуының нәтижесінде, маймылдан адамға айналғандығы туралы көзқарастар айтылып, дүниеден кейінгі өмірді мойындағысы келмеген кейбір атеистер осы көзқарасты қолдаған. Сол себепті төменде, «Дарвинизмде» айтылған осы теорияға біраз тоқталамыз.

(Материал Бақытжан Өткелбаевтың "Ислам және ғылым" кітабынан алынды)

 _______________________________________

[1] Карл Саган, Космос, Стамбул 1982. 117

[2] Билим ве текник дергиси, Нешр: ТҮБИТАК, 24 том, 282 сайысы, Майс 1991, 12-13 б.

Бөлісу: