22
Сейсенбі,
Қыркүйек

һижри

Құрандағы «әс-сәқ», «әл-жәнб» сөзінің мағынасы

Күдікпен күрес
Жарнама

Алла Тағала:

يَوْمَ يُكْشَفُ عَن سَاقٍ وَيُدْعَوْنَ إِلَى السُّجُودِ فَلَا يَسْتَطِيعُونَ خَاشِعَةً أَبْصَارُهُمْ تَرْهَقُهُمْ ذِلَّةٌ ۖ وَقَدْ كَانُوا يُدْعَوْنَ إِلَى السُّجُودِ وَهُمْ سَالِمُونَ

«Қиямет күні, балтыр ашылады. Олар сәждеге шақырылады, сәжде қыла алмайды.Олардың көздері сүлкиіп, ездерін қорлық баураған. Расында олар аман-сауында (дүниеде) сәждеге шақырылған болатын», - деді[1].

Әл-Хафиз ибн Мәнда «Родду ъала жахмия» кітабында «Қиямет күні, балтыр ашылады» аятына қатысты ибн Аббастың (р.а.) «Ұлы (өте қиын) іс ашылады», - деп тәпсірлеп, артынан «Соғыс та балтырға (қиындыққа) құрылған», - деген өлең шумағын оқығандығын жеткізген.

Хафиз ибн Мәнда ибн Аббастан (р.а.) жеткізген екінші риуаятта: «Ақыреттің қаттылығы», - дегенін жеткізді.

Үшінші риуаятта: «Істің қаттылығы», - дегенін жеткізген[2]. Сахаба ибн Аббас (р.а.) «әс-сәқ» сөзін «қиындық» деп тәуил жасаған[3].

Имам әл-Фәрраның «Мағъани әл-Құран» атты кітабына да қараңыз. Ол «Қиямет күні балтыр ашылады» аятын: «қиямет, ақырет күнінің қиындығы (ауырлығы)», - деген[4].

«Әл-жәнб» сөзінің мағынасы:

«Жәнб» (қасы, жаны) сөзі Құранда Алла Тағалаға қатысты бір ғана жерде келген. Ол:

أَن تَقُولَ نَفْسٌ يَا حَسْرَتَا عَلَىٰ مَا فَرَّطتُ فِي جَنبِ اللَّهِ وَإِن كُنتُ لَمِنَ السَّاخِرِينَ

«Біреудің: “Алла жанында кемшілік еткендігіме және мазақтаушылардан болғандығыма маған нендей өкініш” дейді», - деген аят[5].

Имам ат-Табари «Алла жанында кемшілік еткендігіме» деген аят туралы: «Алланың әмір еткенін орындамай, дүниеде Аллаға мойынсұнуда жасаған ақсақтығыма», - деген. Мужаһид болса: «Алланың әмірінде», - деді. Ал, Әс-Судди: «Орындамай, тастап қойған Алланың әмірлері», - деп айтқан» [6].

Имам ат-Табаридың Мужаһидтен жеткізген риуаятын Байһақидың «Әл-асма уас-сыфат» атты кітабынан да көре аласыз[7].

Әш-Шаукани «Алла жанында кемшілік еткендігіме» дегенді «Аллаға мойынсұнуда жасаған кемшілігім» дегені деп түсіндірді. Бұны Хасан айтып отыр. Ал, ад-Даххак: «Алланы зікір етуде жасаған кемшілігім. Алланы зікір ету дегеніміз «Құран мен оған амал ету», - деді. Әбу Убайда: «Алланың сауабынан жасаған кемшілік», - деп түсіндірді[8].

«Нұр Астана» мешітінің Бас имамы

Нұрлан Рамазанов


[1] «Қалам» сүресі, 42-43 аяттар.

[2] «Ар-родд ъала жахмия», 38-39.

[3] «Фатху әл-Бәри», 13/428, ат-Табари тәпсірі, 29/38.

[4] «Мағъани әл-Құран», 3/177.

[5] «Зумар» сүресі,  56-аят.

[6] Ат-Табари тәпсірірі, 24/13.

[7] «Әл-әсма уас-сифат», 361/495.

[8] «Фатх әл-Қадир», 4/471.

Бөлісу: