Тұмар тағу – шариғатта үлкен ережеге жатпайды. Құран аяттары, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан дұғалар жазылған тұмарды тағуға болады.
Көз тимесін деп көзмоншақ тағу дұрыс емес. Миллион көзмоншақ тағып қойсаңыз да, көз бәрібір тиеді. Көздің де жыны бар. Көз адам немесе жын арқылы тиеді, - дейді бір сұхбатында белгілі исламтанушы Арман Қуанышбаев.
Қазіргі таңда үйге, көлікке таспихпен бірге көзмоншақ іліп, «Алла мені қорғап жүр» деген соқыр сенім иелері қаншама. Мұнымен қоса, үкіден бастап, шаш, қыл-жыбыр, тау шөптері мен бұрыш, адыраспан тізбектегендер саны азаяр емес. Біле білсек, бұл ақиқат дініміздің ақ сеніміне көлеңке, серік қосуға алып баратын ауыр қателіктер. Жалпы, ырым сонау алыс заманда пайда болған наным-сенім, тыйым. Бұл қағидаттардың дінімізде сүйеніші болмаса, тасталуы керек. Мұсылманның ұлы семсер қорғаны – дұға.
ummet.kz