Меню

29
Жексенбі,
Желтоқсан
27
Жумад ас-сәни
1446 һижри

Әйелді тәрбиелеудің таңдаулы әдістері

Әйелді тәрбиелеудің таңдаулы әдістері

Исламдағы отбасы
Жарнама

Ер жігіттің әйелімен қарым-қатынасты жақсартуға жасаған әрбір амалы құлшылық болып жазылады. Бұл тұрғыда баршамызға Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жұбайларына жасаған игі іс-әрекеттері үлгі.

Отбасын асырап, керек-жарағын қамтамасыз етумен бірге ер адам жарының алдында мына нәрселерді жасауы тиіс:   Алла тағала ерлерге әйелдеріне дұрыс қарап, сыйластықта болуды бұйырды: «Жұбайларыңмен жақсы қарым-қатынаста болыңдар» («Ниса» сүресі, 19-аят). Жұмыстан шаршап келсеңіз де, әйеліңіз бен балаларыңызға аз ғана уақытыңызды бөліңіз. Көбірек тілдесіп, сырласуға тырысыңыз. Көңіл-күйін, не мазалап жүргенін, нені қалайтынын сұраңыз. Осылайша сіз әйеліңізге сүйіспеншілігіңізді білдіріп, оны қуанта аласыз. Реніші мен қуанышына ортақ болыңыз. Өйткені ол сізге ғана байланған жолдасыңыз, дертіңізге ортағыңыз, көңіліңізді көтеруші, бала тәрбиелеп жетілдіруші және түрлі қажеттіліктеріңізді толықтырушы. Жер бетінде кемшіліксіз пенде болмайды. Әйеліңіздің қателіктерін бетке басқаннан гөрі, жақсы жақтарын көбірек бағалаңыз. Алланың Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Мүмин еркек мүмин әйелге жеккөрушілік танытпайды. Оған оның мінез-құлқының әлдебір тұсы ұнамағанымен, басқасы ұнайды» (Муслим). Қандай жағдай болмасын ашуыңызды жеңе біліңіз.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Мұсылман әйеліне ашуланбасын! Жаман мінезі болса, жақсы мінезі де болады.» (Муслим) деген. Жылы сөз жан жылытады. Әйеліңізбен көбірек тілдесіп, сырласыңыз. Махаббатыңыз бен жылы сөзіңізді аямаңыз. Әйелдер мақтағанды ұнатады. Ол табиғатына тән нәрсе. Сондықтан «сенің осының дұрыс», «сені мақтан тұтамын» деген сияқты сөздер айтып, көңілін аулап қойыңыз. Олардың қисық қабырғадан жаратылғанын ұмытпаңыз. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан: «Әйелдерге жақсылықты өсиет етіңіздер. Өйткені олар қабырғадан жаратылған. Қабырғаның ең қисығы – ең жоғарыдағысы. Оны түзулеймін десеңіз, сындырып аласыз. Ал, қоя берсеңіз, қисық күйінде жалғаса береді.

Сондықтан әйелдерге жақсылықты өсиет етіңіздер». (Бұхари және Муслим жеткізген). Әйелді тек ақылмен, мейірімділікпен ғана тәрбиелеу керек. Кемшіл тұстарын айтып, кемсіте бергеннен гөрі, жақсы жағын айтып, мақтап қойсаңыз, әйеліңіз сіз үшін жақсы болуға бар күшін салатын болады. Ақылдасып жасаған әрбір істе береке бар. Отбасы мәселелерін екеуіңіз ақылдасып, оның да пікірімен санасып, ортақ шешім қабылдаңыздар. Онымен ақылдасып тұрыңыз. Егер айтқаны дұрыс болса, пайдаланасыз, егер дұрыс болмаса, өзіңіздің дұрыс деп тапқаныңызды жасайсыз. Қазақтың «қабырғаңмен кеңес» деген сөзі бекерден-бекер емес екенін біліңіз. Әйеліңіз – балаларыңыздың анасы, өмірлік жолдасыңыз. Ешқашан дөрекі сөйлеп жанын жаралай көрмеңіз. Жарыңыздан махабатыңызды аямаңыз, жүректен шыққан жақсы сөздеріңізбен жанын жадыратыңыз. Жарыңызға әкесіндей мейірбан, ағасындай қамқор, досындай сырлас болыңыз! Ол сіз үшін осы жандардан жыраққа кетті, себебі, сіздің олардың орнын баса алатыныңызға нық сенімді болған еді.

Егер Айша (р.а) анамыздай жарыңыз болғанын қаласаңыз, алдымен өзіңіз Пайғамбардай (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  күйеу бола біліңіз.

ummet.kz