20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Пайғамбардың (ﷺ) үйленуге байланысты өсиеттері

Пайғамбардың (ﷺ) үйленуге байланысты өсиеттері

Исламдағы отбасы
Жарнама

Айшадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.): «Неке – менің сүннетім. Кімде-кім менің сүннетіме амал етпесе, ол менен емес. Сондықтан да үйленіңдер, мен Қиямет күні басқа үмбеттерге сендердің көптіктеріңмен мақтанайын», – деген.

Сондай-ақ, Пайғамбар (с.а.с.) өзінің хадистерінде қандай жар таңдау керектігін де айтып өткен. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде: «Ей, жастар тобы! Іштеріңнен кімнің күші жететін болса – үйленсін. Өйткені үйлену арқылы ол көзін харамдарға қараудан сақтайды әрі мүшесін қорғайды. Ал, егер кімнің күші жетпей жатса ауыз бекітсін. Өйткені ораза – оның қалқаны», – деген. (Бұхари  риуаяты). 

ummet.kz

Бөлісу: