Меню

16
Сәрсенбі,
Сәуір
18
Шәууәл
1446 һижри

Тозақта әйел кісілердің көп болуының себебі

Тозақта әйел кісілердің көп болуының себебі

Исламдағы отбасы
Жарнама

Әйелдерді тозақтан сақтандырған Пайғамбар (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ей, әйелдер қауымы, садақа беріңдер! Мен тозақтықтардың көпшілігінің сендерден екенін көрдім», – деген.

Сонда әйелдер: «Ол не үшін, уа, Алланың елшісі?» – деп сұрайды. Пайғамбар Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қарғысты көп айтасыңдар, күйеуге қарсы келесіңдер», – депті.

Тағы бір хадисте Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) : «Тозақты көрдім... және оның тұрғындарының көпшілігі әйелдер екенін көрдім», – деген. Сонда адамдар: «Не себепті, уа, Алланың елшісі?» – деп сұрайды. «Күпірліктері себепті», – дейді. «Олар Аллаға күпірлік қыла ма?» – деп сұрапты. Сонда Пайғамбар Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Күйеуіне күпірлік қылады, жақсылыққа күпірлік қылады. Егер олардың біріне өмір бойы жақсылық істеп келіп, сосын сенен бір нәрсе көрсе: «(Сенен) еш жақсылық көрмедім», – деп айтады», – деп жауап берген.

ummet.kz

Бөлісу: