28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Ата-анамыз үшін қандай дұға тілеуіміз қажет?

Ата-анамыз үшін қандай дұға тілеуіміз қажет?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Ата-ана – адамның өміріндегі ең маңызды жандар. Алла дәл сол кісілерге біздің әрқайсымызды дүниеге әкелу жауапкершілігін жүктеді. Бізді өсіріп тәрбиелеуде әкелеріміз бен аналарымыз көптеген қиындықтарға тап болады. 

Ислам – мейірім мен қайырымдылық діні, және де біздің ең алдымен ерекше құрмет көрсетуіміз тиіс адамдар – Алланың қалауымен бізді дүниеге әкелген жандар. Жаратушы Иеміз ата-анаға қатысты ең көркем мінез танытуымызды және ең ізгі амалдарымызды жасауға шақырады. 

Құранда айтылады: «Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: “Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәхаметіңе бөлей көр!”, - де» (Құран Кәрим, 17:24).

Бірде Пайғамбардан (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) сұрады: «Аллаға ең ұнамды іс қандай?». Ол айтты: «Уақытылы оқылған намаз». «Ал одан кейінгісі қандай?» дегенде, «Ата-анаға бағыну және оларға жақсылық жасауға ұмтылу» - деп жауап береді де, содан кейін ғазауат – яғни, ислам жолындағы күрес тұратындығын айтқан. 

Тірі кезінде де, о дүниелік болғанда да мұсылманның міндеті – ата-анасына құрметпен қарау, мейірімділік көрсету, қамқор болу, Жаратушыдан олардың тілеуін тілеу. Ата-ана үшін жасалған дұға Алла тарапынан бірден қабыл етіліп, береке әкеледі:

1. Рабби-рхамхума кама раббаяни сағира.


"Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: “Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәрхаметіңе бөлей көр!”, - де" (17:24).


2. Раббана-ғъфирли уа ли уалидайя уа лиль-му’минина яума якъумуль-хисаб.


“Раббымыз! Есеп құрылатын күні, мені, әке-шешемді және мүміндерді жарылқа!”, - (деді). (14:41).


3. "Раббым! Мені, әке-шешемді, мүмін болып үйіме кірген кісіні және мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді жарылқа! Сондай-ақ залымдардың жоқ болуларын ғана арттыр"  деді. (71:28).


4. Аллахумма ихдиний уа уалидайи уа акаарибий аляссырати ль-мустақим.


"О, Алла, мені, ата-анамды және  туыстарымды тура жолға сала гөр".

ummet.kz

Бөлісу: