16
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Бала тәрбиесі: Кемшіліктерін бетке баспау

Бала тәрбиесі: Кемшіліктерін бетке баспау

Исламдағы отбасы
Жарнама

Жөнге салудағы басты ұстанымдардың бірі – кемшілікті бетке баспау. Сондықтан жасалған қателікті жағдайға қарай толықтай кешіру не көрмеген сыңай таныту немесе жанама жолдар арқылы ескерту жасаған жөн.

Пайғамбарымыз біреудің жағымсыз іс жасағанын көрсе немесе оған сол жайлы айтылса, кемшілік жасаған кісіні шақырып алып бетіне баспайтын. Әрі атын атап «неге ол былай, былай жасайды» деп жұртқа жария етпей «Кейбір кісілерге не көрінген, тәйірі?! Неге олар мынадай, мынадай қылықтарға барып жүр?» - деп жасалған істің қате екенін жалпыға түсіндіретін. Сонымен қатар, Пайғамбарымыз сахабаларына әйелдерін: «Жүзің күйгір (Алла қара бет қылсын)», - деп қарғамау керектігін жиі ескертетін.

Құран мен сүннеттің асқақ рухынан тәрбие алған мұсылман тәрбиешілер балаларды жөнге салуда мынадай жолдарды ұстану керектігін айтады:

Алдымен жаманның жаман екенін үйрету;

Жақсы істер атқарса мақтау;

Басқа адамдардан мысал бере отырып жаман істерден жирендіру;

Дұрыс емес іс жасаса, әуелі көрмеген сыңай таныту, екінші рет жасаса, ешкімге білдірмеу, егер тағы да осы қылығын қайталайтын болса жұрттың алдында масқара болатынын айтып ескерту;

Жіберген қателіктерін әрдайым есіне салып нұқымау;

Жасырын жасаған нәрселеріне тыйым салу;

Жаман қылық жасауда табандап тұрып алса, ол мінезінен бас тартқызу үшін тиісті шара қолдану.

материал «Исламдағы бала тәрбиесі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: