Босанғаннан кейін әйел кісі бірінші етеккірге дейін жүкті бола алады. Сондықтан жыныстық белсенділікті бастамас бұрын контрацепцияның сенімді әдісін таңдауыңыз керек.
Отбасын жоспарлаудың мағынасы – ерлі-зайыптылар бір-бірімен ақылдасқаннан кейін, қажетсіз жүктіліктің алдын алу және керісінше, қалаған жүктілікке жағдай жасау әдістерін қолдана отырып, қашан, қанша және қай уақытта балалы болу керек деген шешімге келеді. Сәтті босану, соның ішінде білім беру, ЖЖБИ алдын-алу және емдеу, бедеулік жағдайларын қарастыру және басқару, содан кейін Жаратушының қалауына сүйену керек.
Кейбір амалдарды қолдану немесе сақтық шараларын қолдану тәуекелге (Аллаға сенім артуға) қайшы келмеуі керек. Алланың Ұлылығына әрдайым сенім арту керек.
Әнас ибн Малик (Алла оған разы болсын) жеткізген деректе бірде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бәдәуидің (шөл арабы) жалпы намазға келген кезде түйесін байламай, оны бос жібергенін байқаған. Әлгі бәдәуиге: «Неге түйені байламайсың?» – деп сұрайды. Сонда ол: «Мен Аллаға тәуекел еттім», – деп жауап береді. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оған: «Түйені әуелі байла, содан кейін Аллаға тәуекел ет», – деп ескертеді (Тирмизи).
Босануды бақылауға алу, яғни жүктілікті алдын ала жоспарлау абортты болдырмайды.
материал «Некеге тұратын жастарға арналған жаднама» кітабынан алынды,
ummet.kz