23
Сенбі,
Қараша

һижри

Әйелдер өз рахаты мен бақытын қайдан іздеуі керек?

Әйелдер өз рахаты мен бақытын қайдан іздеуі керек?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Хақ Тағала әйелге сезімталдықты еркектен гөрі молырақ берген. Сол сезімталдықтың молдығы әйелге Алла Тағаланың артқан асыл борышының қажеттілігі. Ол борыш ұрпақтың жалғасуы, тәрбиеленуі. Осы иләһи тәртіп бұзылатын болса, әйелдің жаратылысы мен табиғатына қиянат жасалған болады.

Бүгінгі заманда әйелдер мен ерлер арасында ойдан шығарылған теңдік жолындағы жарыс басталып келе жатыр. Жаратылысерекшеліктеріне теріс келетін бұл жарыстың кесірінен жұбайлық және аналық борыштар аяқ асты болып, жанұяның құзыры мен ынтымағы жоғалып, қоғам өмірі шайқалып, тұлғалар адамгершілігін жоғалтып бара жатқандай. Әйел мен еркектің физикалық жаратылысы мен рухани жаратылысы тең емес қой, қалайша қызмет пен құқықтары тең болсын. Басты нәрсе – барлық саладағы теңдік емес, ақылар мен міндеттер арасындағы тепе-теңдік.

Хақ Тағала еркектер мен әйелдер арасында бірін бірі толықтырып отыратын, керемет міндет бөлісін жасай отырып, әрқайсысына бөлек-бөлек қабілеттер берген. Әйел мен еркек тек дене және рухымен біріккен кезде ғана олардың жаратылысына қойылған мақсат орындалады. Жанұя және соның нәтижесінде қоғам да бақытқа кенелелді.

Әйел Алланың өзіне ғана дарытқан көркем қасиеттерін қорғауы және әрі қарай дамытуы оның жетілгендігінің белгісі. Әйел өз бойындағы қасиеттерді Алланың орнатқан жүйелі тәртібіне керағар түрде бағыттап, өз ақиқаты мен ерекшеліктерін жоғалтатын болса, өз құнын да жоғалтқан болады. Өз нәзіктігін, тәттілігін, биязылығын жоғалтқан болады. Сөйтіп, қоғамның өмірі шөлге айналады.Әйелдің өз жаратылысына сай өмір сүруі қоғамды жәннатқа айналдырады. Әйел өз отбасындағы қоғамның хрусталь шамы іспеттес. Тарих беттерін ашатын болсақ, қоғам әйел арқылы көтеріліп, сондай-ақ әйелдердің қолынан күйрегендігін көреміз. Егер әйелдер бақытты көшеден іздеуге сендірілетін болса, олардың өмір жолдары әйнек сынықтарына толмақ. Әйел бақыты өз қасиеттерін қорғай отырып өмір сүруінде және отбасында жасырылған. «Жәннат аналардың аяғының астында» (Сүюти, Жәмиүс-сағир, І, 125) хадисі нағыз аналар үшін Пайғамбарымыздың қандай ұлы сүйіншісі. Салихалы ана иләһи құдіреттің кеңейтілген рахым құшағы, жанұяда бақыт қайнары, зауық пен шаттықтың сәулесі, отбасы мүшелерінің мейірім одағы.

материал «Дүниедегі Жәннат – тұғырлы отбасы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: