Рамазан айында ауыз бекіткен әйелдің етеккірі күндіз келсе, оразасы бұзылады.
Ары қарай аузын ашып, ішіп-жей беруіне болады. Сол күнгі оразасы толық болмағандықтан, кейіннен қазасын өтеуі қажет. Себебі оразаның уақыты – таң намазы кіргеннен басталып ақшам уақытына дейін жалғасады. Сондықтан ақшам уақытының кіруіне бес минут қалғанда етеккір басталса да, сол күнгі ораза толық болмағандықтан, қазасы өтеледі. Рамазан оразасы парыз болмағандықтан, оның қазасын өтеу де – парыз. Етеккірі келген әйел оразасын тоқтатқаны секілді, бес уақыт намазы мен тарауық секілді басқа да нәпіл намаздарын оқымайды. Құран оқуын да уақытша тоқтатуына тура келеді. Одан тыс, зікір, салауат айтуын жалғастырып, дұғаларын жасайды. Діни кітаптар оқып, уағыз, Құран тыңдау, садақа беру секілді қайырлы амалдарын жалғастыра береді.
материал «Рамазан айы және әйелдерге тән мәселелер» кітабынан алынды,
ummet.kz