Әйелдер үйде ғана отыра бермей, әлеуметтік, қоғамдық ортадағы істерге белсене араласуы керек.
Өзіне, балаларына, жарына және туыс-туғанына барынша пайдалы болуы үшін, әрқашан заман талабының мәдениетіне сай өзін дамытып, жаңалап тұруы тиіс.
Өз-өзіне сенімді, әрі өзгелерден өзін кем, қор санамау үшін қолынан белгілі бір іс келетін өнерлі болуы керек.
Мәдениет, әдебиет, ұлттық тарих саласында бастауыш дәрежеде болса да білімі болса, кез келген ортада өзін еркін ұстап, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауына жол ашады.
Қолынан келетін ісін қоғамдық кәдеге жаратып, өз үйіне қолынан келетін дәрежеде үлесін қосса.
Күйеуінің жұмысына кедергі келтірмес үшін, балаларын мектепке апару, әкелу, қыдырту, ойнату сияқты істермен өзі айналыса білуі тиіс.
Үйінің экономикасын үнемдеу үшін қай уақытта, қайдан не алатынын білуі, қысқасы, отбасы экономикасын жоспарлай алатын болуы керек.
Балалары есейгеннен кейін қолы бос қалмас үшін әлеуметтік ортада белсенділік қасиеттерін жоғалтпау керек.
материал «Жұбайлар құпиясы» кітабынан алынды,
ummet.kz