Хақ Тағала: «…Әрі құпталғанға сай олардың міндеттері секілді, тиісті хақтары да бар…»,-деп әмір етеді.
Шариғатта әйелдің күйеуі алдындағы міндеттері жайлы өте көп айтылған. Мәселен, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Мен біреудің біреуге сәжде етуін әмір етпеймін. Егер біреудің бір кісіге сәжде етуін бұйыратын болсам, әйелдің күйеуіне сәжде етуін бұйырған болар едім»,-деген екен. Тіпті, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) әйел жәбір көрсе дағы күйеуінің көңілін тауып, разы етуіне үндейді. Осылайша күйеуінің ішін жылытып, пейілін аулайды.
Алайда, әйелдің бұл әрекеттері тектен-тек зая кетпейді. Күйеуінің разылығын табуды ниет еткен әйел жайлы: «Әйел бес уақыт намазын оқыса, рамазан оразасын тұтса, ар-намысын сақтаса және күйеуіне бойұсынса оған: Жәннатқа қалаған қақпасынан кім,-деп жар салынады»,-дейді. Тағы бір хадисте: «Жәннат әйелдері жайлы айтайын ба, олар күйеуін жақсы көретін, көп бала табатын, кешірімді, ол күйеуінен бір жәбір көрсе: мынау сенің қолыңның үстіне қолым, сен разы болмайынша көз ілмеймін,-дейді»,-деген.
Бізге Айша (р.а.) анамыз мына жайтты риуаят етеді: Пайғамбар (с.ғ.с.) менің шаңырағыма қонатын түн еді. Ол кісі киімін шешіп, кебістерін шешіп аяқ жағына қойды. Киімін төсеп жатты да, мен ұйқыға кетті деп ойлаған сәтте жаймен киімін алып, кебісін киіп, ақырын есікті ашып шығып кетті. Мен де орамалымды байлап, киімімді киіп, ізінше тез шығып кеттім. Ол Бақиғ зиратына келіп ұзақ тұрды да, соңыра үш рет қолдарын аспанға көтерді. Кері бұрылған еді, мен де бұрылдым. Ол кісі жылдам жүре бастады мен де жылдамдаттым. Сосын жүгірді, мен де жүгірдім. Ол кісіден озып, үйге кірдім де жатып қалдым. Сол сәтте ол да кіріп келді. Маған: «Саған не болды? Айиш, тынысың ауыр ғой»,-деді. Мен: «Ешнәрсе болған жоқ»,-дедім. Маған айт, әйтпесе, әр нәрседен Хабардар, Мейірімді хабар береді»,-деді. Мен: «Уа, Алла елшісі! Әкем мен шешем сіздің құрбаныңыз»,-деп болған жайтты айтып бердім.
Сонда пайғамбар (с.ғ.с.): «Қарсы алдымда көрген қара сен бе едің?»,-деді. Мен «Иә, сондықтан кеудемде ентігімді баса алмай ауыр демалып тұрмын»,-дедім. Сонда: «Алла және Оның елшісі саған әділетсіздік етеді деп ойладың ба?»,-деп ешбір кейіс білдірмей, ешбір ашуланбай көңіліне тимейтіндей етіп, тіпті, әдеттегідей еркелетіп: «Айиш» деп сүйіспеншілік пен мейірімділік сезіміне тола сөздер айтты»,-дейді.
материал «Үйленбей тұрып үйрен» кітабынан алынды,
ummet.kz