22
Жұма,
Қараша

һижри

Отбасындағы қаражат жұмсау жоспары

Отбасындағы қаражат жұмсау жоспары

Исламдағы отбасы
Жарнама

Айша (р.а) анамыз мынадай бір оқиғаны әңгімелейді:

«Үйге Ұтбақызы Хинд келді. Ол Әбу Суфиянның жұбайы еді. Хинд: - Уа, Расулалла! Әбу Суфиян сараң адам. Маған және бала-шағама жетерліктен қаражат бермейді. Бала-шағама және үйге керек-жарақты жеткізуім үшін оған білдірмей ақша алуым керек. Осылай етуімде бір кінәрат бар ма? – деп сұрады. Пайғамбар (с.ғ.с): «Күйеуінің қаражатынан өзіңе және бала-шағаңа жетерліктей етіп ал», - деп жауап берді». Міне, бұл сахаба әйелдің Пайғамбарға (с.ғ.с) қойған сауалы. Келесі әңгіме отбасылық бюджет жайлы болмақ.

Алғашқы жылы отбасылық бюджет дегенді ойламадық. Тіпті қаражат дейтіндей ақша да жоқ еді. Тұратын жеріміз – жатақхана. Азық-түлік әке-шешемізден. Киім-кешек жақын туыстардың мерекеде берген сыйлықтары. Есіл-дертіміз – оқуды ойдағыдай тәмамдау. Сабақтан қол босай қалса анда-мұнда ұсақ-түйек жұмыс істейміз. Аздаған табыс көзі осы. Студенттік жылдары үйленген жұптардың көбісінің тұрмысы осы тәрізді өтіп жатады. Бар күш-жігерді оқуға жұмсаймыз. Студент отбасылар қаражат жинау сияқты мәселемен бас қатырмайды. Отбасылық бюджет деген жұмысқа орналасқаннан кейін басталды. Осы кезде қаражатқа байланысты алғашқы талас-тартыстар байқалды. Не сатп аламыз, қашан сатып аламыз дегендей. Бұл көптеген жұбайлардың мәселесі. Арнайы отбасылық қаражат жұмсау жайлы жоспардың жоқтың қасы. Қаражатты келесі айға дейін жеткізуге қатысты әйелім екеуміздің әңгімеміз шайқас майданына ұқсайтын. Жан алып, жан берісетін едік. Сөзді созбай, басты мәселеге көшейін. Отбасылық қарапайым бюджет жүйесін жасап көрейік. Бұл жүйе көптеген жұбайлардың осы мәселе төңірегіндегі ұрыс-керістерінің алдын алған. Қаражат жұмсауды дұрыс жоспарлау отбасылық кикілжіңді тиімді шешудің бірден бір жолы. Ендеше, басынан бастайық.

Бюджеттің ең алғашқы кірпіші – үйленген соң менің және сенің табысың деген түсінік болмауы. Табыс ортақ. Жалпы, жұбайлық өмір барлық нәрсенің ортақ болуын мұрат етеді. Біз ерлі-зайыптылар ретінде өміріміздің барлығын бірлесе отырып жоспарлаймыз. Демек, қаражатты жұмсауда бірлесе, ақылдаса шешім қабылдаймыз. Сол сияқты қарыз да ортақ. Қарызды да бірлесе өтеу қажет. Әрі жинайтын қор да ортаө болуы тиіс. Бұл отбасылық өмірдің бір заңы.

материал «Үйленбей тұрып үйрен» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: