Ері алдындағы әйелдің басты міндетінің бірі – нәресте сүйгізу.
Он екі мүшесі сау бола тұра әйел кісінің бала көтеруге құлық танытпауы дұрыс емес. Себебі әке атану – әр азаматтың үкілі арманы. Дүниеге келген сәби ерлі-зайыпты жандардың бір-біріне деген сүйіспеншілігін күшейтіп, отбасына жаңа бір бақыт сыйлайды. Осыны да естен шығармаған жөн.
Кейбір отбасы денсаулыққа байланысты балалы бола алмай жатады. Мұндай жағдайда ерлі-зайыптылар бір-біріне демеу көрсетіп, барынша емдік шараларын жасап, Алладан дұға тілеп, тағдырға налымай сабыр сақтағаны жөн.
материал «Ең бақытты әйел» кітабынан алынды,
ummet.kz