22
Жұма,
Қараша

һижри

Күйеулерінің хал-жағдайын айтқан әйелдер

Күйеулерінің хал-жағдайын айтқан әйелдер

Исламдағы отбасы
Жарнама

Хазіреті Айша (р.а.) анамыз былай дейді: Он бір әйел өздерінің арасында отырып күйеулерінің хал-жағдайларын (сипаттарын) ешқандай жасырмай айтуға келісіпті:

Біріншісі: Менің күйеуім тay басындағы әлжуаз түйенің еті сияқты. Tаy да түзу емес қой шығатындай! Ал түйе де семіз емес қой алып баратындай! депті.

Екіншісі: Күйеуім жайлы толық, айта алмаймын. Өйткені, бастар болсам аяқтай алмай қаламын ба деп қорқамын. Егер ол жайлы айтар болсам түк қалдырмай барлығын айтам депті.

Үшіншісі: Күйеуім ұзын бойлы. Ол жайлы айтсам ажырасып тынам, үндемейтін болсам баз баяғы қалпымда қалам, дейді.

Төртіншісі: Күйеуім түн сияқты. He суық, емес, не ыстық, емес. Одан қорықпайсың да, жалықпайсың да, депті.
Бесіншісі: Егер күйеуім үйде болса момақан, ал түзде болса арыстандай. Сенген нәрсесін еш сұрамайды, депті.

Алтыншысы: Күйеуім жейтін болса асайды, ішетін болса сіміріп салады. Жатар болса созылып, көрпесін оранып алады. Менің жағдайымды түсіну үшін қолғабыс жасамайды.

Жетіншісі: Күйеуім өте жайбасар және маубас. Салақтығынан жұмысы жиылып жатады. Барлық, дерт соған ғана берілгендей. Тіпті жетпегендей қолына түскенмен басымды ұрып, денемді жаралайды.

Сегізіншісі: Күйеуімнің иісі керемет запырандай (хош иісті өсімдік), ал денесі қоян сияқты, депті.

Тоғызыншысы: Күйеуімнің үйінің тіреуі биік. Қылышының қыны ұзын. Ошағының күлі көп. Үйі мәжіліске жақын адам, депті.

Оныншысы: Күйеуім бай. Оның байлығы қалай? Оның көп шөгетін, аз бос жүретін түйелері бар. Аспаптың даусын есітсе, пәлекетке ұшырайтынын (бауыздалатындарын) біледі.

Он біріншісі: Менің күйеуім Әбу Зәр. Ол Әбу Зәр болғанда қандай! Ол көңілімді жай таптырады. Құлақтарымды сырғамен, қолдарымды да білезікпен толтырады. Ол мені тay жайылымында жүрген отардың басынан алып, aт пен түйенің шуылы мен дәнді дақылдың ортасындағы қырманды жанұяның арасына әкелді. Онымен әңгімелесетін едім, бірақ бейәдеп сөздер айтпас едім. Менің ұсынысымды кері қайтарған емес. Таңға дейін ұйықтаймын. He кием, не ішем демеймін. Оның анасын айтсаңдаршы! Қоймалары үлкен әрі кең. Ал оның баласы өз алдына! Төсек орны тaп-таза жібектей. Оны қозының асық жілігі тойдыратын еді. Қызы да қандай тамаша! Әке-шешесін мұқият тыңдайды. Қарасаң көзің тоймайды. Ал күңі де дәл солай! Өсек-аяңға жуымайды. Жаманымызды жасырып, жақсымызды асырады. Үйді сүттей ұйытып отырады.

Омырауымызда сүт толып жатқанда Әбу Зәр шығып кетті. Сол кезде аш қасқырдай жалаңдаған екі баласы әйелге кезіге кетті. Ол екеуі анасының қолтығына қыстырған анармен ойнап келе жатты. Ол менімен дереу ажырасып сол әйелмен отау құрды. Мен де қарап қалмай жүрекпен сүйген адамыммен тұрмыс құрдым. Ол ер жүрек атты жауынгер. Қолына найза алып үйге көп түйе алып келеді. Маған әрбір малдан жұп-жұбымен берді. Әй, Умму Зәр әулетіңе де бер деді. Бірақ оның маған бергендерін жинасам Әбу Зәрдің қаптарының кішкенесін де толтыра алмайды, депті.

Айша анамыз былай дейді: «Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) маған былай деді: «Мен сен үшін Умму Зәрдің Әбу Зәрі сияқтымын» (Бұхари, Никах 82; Мүслим, Фадаилус-Сахаба 92).

Хадиске түсініктеме:

Дәл осы әңгіме Ислам діні келмей тұрып, Мәдина қаласында болған деген әңгіме бар. Сондай-ақ, бұл әңгіме Йеменнің бір ауылында кейбір деректерде Меккеде болған деген де нұсқалары кездеседі.

Бірінші әйелдің айтқысы келгені мынадай болатын:
Күйеуімнің кейбір әрекеттерін ұнатпаймын. Ол өзі жүрген бір тәкаппар. Мұнысымен қоймай жағымсыз мінезі де бар.

Екіншісі: күйеуім жайлы тілмен айтып жеткізе алмаймын. Ол жайлы айтып, ажырасып жатар жайым жоқ дегісі келген.

Үшіншісі: күйеуінің өте ұзын екенін айтқан. Оның кемшілігін айтар болсам онымен ажырасуыма тура келеді. Ал айтпасам бәз баяғы қалыпта қаламыз деген.

Төртіншісі: күйеуін мақтаған. Күйеуімнің түсінігі мол, өте нәзік, әдепті жан. Ол мені ешқашан ренжіткен емес. Екеуміз бір-бірімізді жақсы түсінеміз дегісі келген.

Бесіншісі: ол да төртінші әйел сияқты күйеуін мақтаған. Көп ұйықтайтын болғандықтан оның ұйқысын аңға ұқсатқан. Соғысқа қатысар болса арыстандай алысатынын айтқысы келген.

Алтыншысы: күйеуінің тойымсыз қомағай екенін айтып шағымданған. Қиындыққа қол сұқпайды деген сөзі арқылы өз бойындағы ауыруының қауіпті екенін біліп еш тиіспейді деп мақтаған. Алдымен жамандап артынан мақтаудың себебі ол әйел күйеуіне кемшілігіңді айтпаймын деп ант берген екен.

Жетіншісі: күйеуінің қолынан ештеңе келмейтіндігін айтқысы келген. Сондықтан үйдегі барлық іс менің мойнымда.

Сегізіншісі: күйеуінің халықтың арасында жарасымды киім киіп, хош иіс сеуіп жүретіндігін әрі әдепті екендігін айтқысы келген.

Тоғызыншысы: күйеуінің өз құрбылары арасында беделді, ұзын бойлы екенін сонымен қатар қонақжай адам екенін айтып мақтанған.

Оныншысы: күйеуінің үйінде түйе асырайтындығын айтқан. Қонақтар келер болса, оларға түйенің еті мен сүтін тарту етіп көңілдерін аулап ризалығын алады деген.

Он біріншісі: ол әйелдің әңгімесіне қарағанда тау басындағы шопанның қызы екендігі байқалады. Кейіннен ол аты мен түйесі бар Әбу Зәрға тұрмысқа шығып, айтқаны екі етілмей орындалатын болған. He ішем, не кием демей өмір сүрген. Уақыт өте Әбу Зәр онымен ажырасқан. Сонымен ол әйел басқа бір кісімен тұрмыс құрған. Бірінші күйеуін ұмыта алмаған Умму Зәрдің көзін екінші күйеуінің сыйы еш тойдыра алмапты.

Он бір әйелдің оқиғасынан кейін Хазіреті Пайғамбардың Айша анамызға: «Мен сен үшін Умму Зәрдың Әбу Зәрі сияқтымын» деп айтып, оның көңілін аулап, екеуінің арасының тату-тәтті екендігін білдірген. Хазіреті Пайғамбардың осы сөзіне Айша анамыз: «Ата-анам сен үшін құрбан болсын! Сен мен үшін Әбу Зәрден де артықсың» деген.

Бұл хадистен мынадай нәтижелер шығаруға болады:

1. Танымайтын әйелдің ерекшеліктерін айтуға болады. Танитын әйелдің әдемілігін айтуға болмайды.
2. Ер кісі әйелінің дандайсып кетпейтіндігіне сенімді болса, оны жақсы көретіндігін бетіне айтуға болады.
3. Исламға кереғар болмаса, мәртебелі кісілерден үлгі-өнеге алуға болады.
Әйел адам күйеуінің жақсылығына рақмет айтуы керек. Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.): «Күйеуінің жасағаи жақсылығына рақмет айтпаған әйелге Алла Тағала мейіріммен қарамайды» деген.

материал «Әйелдер тұрғысында 40 хадис» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: