22
Жұма,
Қараша

һижри

Бала көтере алмай жүрген әйелге қандай шипа бар?

Бала көтере алмай жүрген әйелге қандай шипа бар?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Пайғамбарымыз үш түрлі ем қолданған. Құран кәрім, дұға оқыған және ғылыммен табылған дәрілерді қабылдаған. Сондықтан дәрігерлерге қаралыңыз, себебін анықтап ем қабылдаңыз, сонымен қатар шипаға қауыштыратыны білдірілген Құран кәрімнің аяттарын және дұғаларды да оқыңыз.

Бұл жағдай көп адамдарда кездесетіні үшін жауапты жалпылама мәліметпен берейік. Бала болмауының себебі кейде әйелде, кейде еркекте болады. Кейде екеуінен де болады. Бала болмаудың басты себептеріне жас кезде өткерген аурулар, психологиялық мазасыздықтар, қате және зиянды қоректену, қатты суыққа және қатты ыстықта мән бермеудің нәтижесінде денеде пайда болған медициналық ақаулар жатады. Балалы бола алмай жүрген отбасылардың көпшілігі бұл кеселге жас кездерінде шалдыққандары айтылады. Кейбіреулерде дұрыс қоректенбеуден де болуы мүмкін. Өйткені хадис шәрифте былай делінеді: «Келін алғашқы аптада айран, шалап, сірке суы, қышқыл нәрселерді жемеуі керек! Бұлар бала көтеруіне кедергі болуы мүмкін. Азықта сірке суын қолданған әйелдің хаиз көруі қиын болады және хаизы ретсіз болады. Қышқыл алма жеу хаиз қанын тоқтатады. Бұл да басқа ауруларға жол ашады». Кейбір жұптар отбасы құрған алғашқы жылдары балалы болмайық деп қате алдын алу шараларын қолданып, кейінгі уақыттарда мүлдем балалы бола алмайтындай жағдайларға ұшырайды. Кейде қатты күйзелу, ренжу, стрестер де гормондарға кері әсерін тигізеді. Бала көтере алмаудың себептерін жақсылап зерттеу керек, маман дәрігерлерге қаралу керек. Бірақ медицина қаншама дамыған болса да әлі күнге дейін кейбір кемшіліктері бар екенін де назардан тыс қалдырмау керек. Қате ем қабылдау және белгісіз, біреулерден ауызекі естіген дәрілерді қабылдаудың зияны өте көп. Ем қабылдағанда және дәрі қабылдағанда мұқият болу керек. Әсіресе жұптар дәрігерден сұрамастан өзбасынша дәрі қабылдамауы керек. Дәрігерге алғаш көрінуге келгенде жұбайлар бірге келуі, ешнәрсе жасырмауы, сұрақтарға ұялмай, қысылмай, ашық жауап берулері керек.

Балалы болу үшін немесе басқа да бір тілегі болған адамдар төменде білдірілгендерді орындауы керек:

1) Истиғфар (әстағфируллаһ) айтуы керек. «Дүние-мүлкім көп, бірақ балам жоқ. Не істесем болады?» деп сұраған адамға бір сахаба истиғфар айтуын айтты. Ол күніне 700 рет истиғфар айтатын болады. Соңында он баласы болды. Адамдар хазреті Хасан Басриге жұттан, кедейліктен, бала болмаудан шағымданатын еді. Барлығына да “истиғфар айтыңдар” деді. Себебін сұрағандарға Құран кәрімнен мына үш аятты оқыды: «Көктен мол жаңбыр жаудыруы үшін, сендерге дүние-мүлік және бала-шаға беріп жәрдем етуі үшін, сендер үшін бақтар мен өзендер беруі үшін өте кешірімді болған Раббыларыңа истиғфар етіңдер.» («Нұх», 10-12)

Балаларын басқаруда қиналып жүрген бір сахабаға пайғамбарымыз «саллаллаһу алейһи уәсәлләм»: «Неге истиғфар айтпайсың? Мен күніне жүз рет истиғфар айтамын» деді. Истиғфар айту дегеніміз - «Әстағфируллаһ мин күлли мә кәрихаллаһ, Әстағфирулла әлазим әлләзи лә илаһә иллә һуәл һаййәл қайиумә уә әтубу иләйһ» деп айту. Мағынасын түсініп айту керек. Мағынасы мынадай: «Сен разы болмаған нәрселерден істегендерімді кешіре гөр және әлі істемегендірімді істеуден сақта. Одан басқа тәңір болмаған, Хай, Қаййум, Азыйм болған Аллаға истиғфар етемін және жасаған күнәларыма өкініп, Оған сиынамын.» (Азыйм: заты және сипаттары кәміл. Хай: әзәли, яғни ежелден бастауы жоқ және соңы жоқ, тірі. Қаййум: затымен бар болған, жаратқан барлық махлұқтарын бар етіп ұстап тұрған.)

2) Тілегіне қауышу үшін, екі рәкат намаз оқып, сауабын «Силсилә-и алийа» деп аталатын әулиелер шежіресінің рухтарына бағыштау керек, осылардың құрметі үшін деп дұға ету керек.

Мысалы «Я Раббым қайырлы (жақсы) бір бала нәсіп ете гөр» деп дұға етіп, «осы дұғамды «Силсилә-и алийа» әулиелерінің құрметі үшін қабыл ете гөр» деп айтуы керек. (Мәкатиб-и шәриф)

Таң және құптан намаздарынан кейін «Силсилә-и алийа» әулиелерінің аттарын атап, одан кейін «Фатиха» сүресін оқып, олардың рухтарына бағыштау керек. «Силсилә-и алийа» әулиелерін уәсилә (себеп) қылып жасалған дұға қабыл болады. Тәжірибе етілген.

3) Аяти хырзды білдірілгені бойынша оқып және өзімен бірге тұмар қылып алып жүрсе мұратына жетеді.

4) Нәзір ету керек. Мысалы «Пәлен қызбен үйленсем, Алла разылығы үшін ясин сүресін 3 рет оқып сауабын хазреті Сәйидет Нәфисаға бағыштауға нәзір еттім (атадым)» дегенде бұл тілектің қабыл болғандығы тәжірибеден өткен. Тілегі орындалған кезде көп кешіктірмей нәзірді орындау керек болады.

5) Бір тілегі бар адам төмендегі дұғаны оқуы керек. Көзі көрмейтін бір кісі пайғамбарымызға келіп: «Ей Расулалла! Алла Тағалаға дұға ет, көздерім ашылсын» деді. Пайғамбарымыз «саллаллаһу алейһи уәсәлләм»: «Жақсылап дәрет ал! Сосын, Я Раббым, Саған жалынып-жалбарынамын.

Сүйікті Пайғамбарың Мұхаммед алейһиссаламды уәсилә етіп (ортаға қойып), Сенен сұраймын. Ей ең сүйікті Пайғамбарым Мұхаммед алейһиссалам! Сені уәсилә қылып, Раббыма жалбарынамын. Сен үшін дұғамды қабыл етуін қалаймын. Я Раббым осы ұлы пайғамбарыңды маған шапағатшы қыл. Оның құрметі үшін дұғамды қабыл ете гөр» деп дұға етуін айтты. Ол кісі дәрет алып осылай дұға етті. Сол мезетте көздері ашылды. (Тирмизи)

Бұл дұғаны оқығандар мақсаттарына жеткен. Намаз оқымайтындардың, харам нәрселерді жасайтындардың және жүрегінде ықыласы болмағандардың дұғасы қабыл болмайды. Әһли сүннет ақидасында болмаған адамның оқығаны да пайдасыз. Алла Тағала барлық нәрсені себептермен жаратқан. Бір нәрсеге қол жеткізу үшін сол нәрсенің себептерін орындау керек. Раббымыз адамға денсаулық, шипа беру үшін дұға етуді, садақа беруді және дәрі (ем) қолдануды себеп қылған.

материал «Бақыттың кілті жанұяда» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: