29
Жұма,
Наурыз

һижри

Ана – Жаратушының ұлы мархабатынан көп үлес алған тіршілік иесі

Ана – Жаратушының ұлы мархабатынан көп үлес алған тіршілік иесі

Исламдағы отбасы
Жарнама

«Ана ақысына назар аудар! Оны төбеңде тасы! Сірә, аналар тууда қиналмаса, балалар дүниеге келуге жол таба алмас еді...»

Хазіреті Мәулана

Әр жандының әу бастағы бірдей қасиеті – әлсіздікпен дүниеге келуі. Осыған орай олардың бұл әлсіздіктерінен қүтылып, кемелдікке қарай ілгерілеулері үшін мейірім мен жан ашырлыққа мұқтаждығы бар. Ағаштың бүршіктенуінен адам баласына дейін күллі жандыларда жағдай бірдей.

Жанашырлық пен мейірбандық ең керемет түрімен аналардың көңілінен орын тепкен. Адамзаттағы аналық қасиеті ешбір мақлұқаттан кездесбейтіндей және олармен салыстырыла алмайтындай дәрежеде жоғары. Өйткені, адам баласының тек заттық болмысына емес, сонымен қатар оның рухына ұсынылатын түңғыш қорек анада көрініс табады. Ана – әлемнің Раббысына ең жақын болу қабілетімен жабдықталған – адамды туады. Пайғамбарлардан бастап, ең әлсіз адамға дейін бүкіл адамзат алғашқы заттық һәм рухани қорегін анасынан алады. Аналар – Жаратушының ұлы мархабатынан ең көп үлес алған тіршілік иелері.

Сонымен қатар аналық ұғымы бір өзі басына нөмірсіз кезілдірік іспеттес. Шаянның өзі баласын арқалап жүргенде, туған баласын әрқандай бір себеппен, апарып бір бұрышқа, саябағына тастап, ұжданынан айрылған ананың өзі – ана, ал, көтеріп туған баласын өмір сүрген бойы мейірбандығы, жанашырлығымен құшақтап, қорғаған ананың өзі де – ана!

Әйелдердің бақытты салтанаттары адал да ерекше ана болуларынан бастайды. Әсіресе: «Жәннат – аналардың аяғының астында!..» - деген хадис шәрифі – аналар туралы ең күшті шәһәдәти Мұхаммедие. Яғни, аналардың қасиетті тұлғалығына Пайғамбарымыз куәлік беріп тұр.

Әлемнің мақтанышы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Мырзамыздан бастап, арифтер мен Алла досы әулиелер ата-анаға, тіпті анаға деген сый-құрметтің ең зор үлгілерін көрсеткен.

Фахри Кайнат (саллаллаһу апейһи уәсәлләм) Мырзамыз сүт анасы «Халимәтүс-Садийиәні» (радиаллаһу анһә) зиярат етіп, ез шапанын жерге жайып, оны отырғызатын. Сүт анасы ішке кіріп-шыққан сайын түрегеліп, құрметін білдіретін.

Ұлы әулие Имам Ағзам (рахметуллаһи аләйһи) Бағдаттың зындандарында зұлымдықтың ащы қамшыларының тауқыметін тартып, жатқанда:

«Айналайын, бұл жағдайымды анашым естімей-ақ қойсын, күйіп кетеді! Оның қиналғанына да, мен шыдай алмаймын!..» деп, анаға деген махаббаттың жанды мысалын үсынған.

Руханият жолының ұлыларының және дара мүршидтерімізден (үстаз) Шах Нақшыбәнд Мұхаммед Баһаұддин Бұхари Хазіретінің өсиет ретіндегі мына тапсырмасы иләһи бір шындықты көз алдына қояды. Хазіреті Пір былай бұйырған:

«Қабірімізді зияратқа келгендер алдымен анамыздың қабірін зиярат етсін!»

Сондай-ақ күнімізде Шах Нақшыбәндтің қабірін зияратқа барғандар алдымен анасының қабіріи зиярат етеді. Абдұррахман Жәми (құддисә сирруһ) былай дейді;

«Мен анамды қалай сүймеймін?! Ол мені бір уақ өз денесінде, ұзақ уақ құшағында, өлгенге дейін де, жүрегінің мейірім аспанында көтерді. Оған құрметсіздік көрсетуден артық жамандықтың не екенін білмеймін!..»

Айдан анық ақиқат – адал да ерекше аналар ең биік құрмет, аса терең және нәзік бір махаббат орнында болуға тиіс.

Әкенің шаршағанын басатын, балалардың жалықтыратын бұзыктықтарын қойдыратын сабыр мен абзалдық гауһары – тек ана жүрегі.

Ана –  иләһи құдіретпен кеңейтілген рахмет құшағы.

Отбасының бақыты ананың күлімсіреуімен басталады. Отбасындағы қандайда болмасын, барлық қиыншылықтар ананың мейіріміне толы назарымен жойылады. Балаларға шынайы емір мен бақыт жолын сілтейтін ана жүрегінен жұқа, аса терең, тым сезімтал екінші бір жүрек бар ма екен?!

Сондай-ақ, ана жүрегіндегі ыстық қүшақ бар ма дегендей, сол ыстықтыққа деген іңкәрлігін Нәжіп Фазыл мына шумақтарында керемет баяндаған:

Жылаңдар! Су көтерілсін! Бәлкім, кұтылар кеме...

Анашым, жайнамазыңды өкелсін, Бізге дұға етші, бола ма!

Ананың рухында жиналған шетсіз де шексіз мейірбандықтың шегін белгілей алатын өлшеу бар ма екен?!..

Жемей, жегізген... кимей, кидірген... ұйықтамай, ұйықтатқан... Өмірдің дауылдарынан бізге бір шаң тимесін деп, бүкіл болмысын атаған ата-аналарымыздың ақысын төлеу мүмкін бе?!

материал «Бір шоқ гүл» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: