24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Жұбайдың ақысын өтеу оңай ма?

Жұбайдың ақысын өтеу оңай ма?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Біз ата-анамыздың, ұстазымыздың және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) біз үшін жасаған жанқиярлық әрекеттеріне қайтарым ретінде не жасасақ та, олардың ақысын өтей алмаймыз.

Біздің ақысын өтей алмайтын адамдарымыз тек ата-ана, ұстаз және пайғамбарлар ғана ма? Біз үшін жасаған жанқиярлық әрекеттерінің қайтарымын өтей алмайтын және өмір бойы қарыздар болып өтетін басқа адамдар бар ма? Әрине, ондай адамдар бар. Ол негізінен пенденің есіне сол сәтте түспегенмен, мәселе туындағанда есіне түсетін жұбайының ақысын өтеу мәселесінде әлсіз болатынын ақиқат.

«Жар ақысы» деген сөз біздің әдебиетке енуі керек. Оның қадірі ата-анаға жақын, ал ұстаздан артық болуы керек. Негізінде, дініміз бұл мәселенің маңыздылығына баса мән береді. Жар ақысына көңіл бөлген адамдардың жұмақты жұбайымен бірге бөлісетінін сүйіншілеген. Бұрынғы отбасыларда жар ақысына қатты назар аударылған болса, қазіргі кезде ол ұмытылып, жұбайлар ол тізімге енбейтін болды.

Дініміздің бұйрықтары мен тыйымдарының әрқайсысы жеке себептерге қатысты айтылған. Пайғамбардың (с.ғ.с)  алдындағы жауапкершілігіміздің себебі – оның бізге Хақ Тағаланың ризалығына жетелеп, жұмаққа апаратын жолдарды көрсетіп бергендігінде жатыр. Ата-ананың алдындағы жауапкершілігіміздің себебі – біздің осы дүниеге келуімізге тікелей түрткі боп, біз үшін көп қиындықты бастан кешіргендігінде жатыр. Ал ұстаз алдындағы жауапкершілігіміздің себебі – оқу-білім жолында бізге жол көрсеткендігінде.

материал «Отбасындағы сенім терапиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: