Иә, дұрыс. Бірақ қандай жағдайды? Үй алам, машина алам, сосын үйленем десеңіз, қазіргі заманда үйленбей қалуыңыз мүмкін.
Отбасымызды киіндіре алам, аш қалдырмаймын десеңіз, алға! Негізі, пәтер жалдап тұру да жаман нәрсе емес. Есептеп қараңызшы, мүмкін үй сатып алғанша, пәтер жалдап тұрған тиімді шығар? 10-15 жылдық перспективада. Бір айдағы шығындарыңызды есептеңіз. 150 000 теңге делік. Х деп алайық шығынды. Сізге салыстырмалы түрде еркін өмір сүру үшін 2*Х ақша табу керек, яғни 300 000 теңге. Осылайша ай сайын 2*Х ақша таба алсаңыз, ойланбастан үйлене беруге болады деп ойлаймын. Осы орайда Әбу Ханифаның «Байығың келсе, үйлен!» деген сөзін еске салғым келеді.
материал «Не үшін үйлену керек?» кітабынан алынды,
ummet.kz