22
Жұма,
Қараша

һижри

Бақытқа апаратын жол: Жеңілдету және оңайлату

Бақытқа апаратын жол: Жеңілдету және оңайлату

Исламдағы отбасы
Жарнама

Алла Тағала айтады: «Алла сендерге жеңілдікті қалайды, және сендерге ауырлықты қаламайды» («Бақара» сүресі: 185).

Айша анамыз, Алла Тағала оған разы болсын, айтады: Алланың елшісі (алайһи ассолату уа ассалам) екі істің біреуін ғана таңдайтын мүмкіндікке ие болса, екеуінің ең жеңілін алатын, әрине, егер күнәға жатпаған болса. Ал егер ол күнә болатын болса, одан алысырақ қашатын адам сол болатын».

Расында, өмірдегі жағдайлар әр қилы болады және өзгеріске ұшырап отырады. Осы жағдайларда ұстануға қолайлы бірнеше көзқарастар болуы мүмкін, адамдардың табиғаттары өзгеше болуына байланысты, біреулері жеңіл ұстанымды алып, үлкен нәтиже шығаруы мүмкін, ал екіншілері ауырын алып, нашар нәтиже шығаруы мүмкін, әрине, аса қадағаланатын нәрсе – әркім таңдау барысында оның күнә еместігіне көз жеткізуі керек, кейін Раббысына тәуекел етіп іске қолдана береді.

Пайғамбарымыз (алайһи ассолату уа ассалам) айтады: «Өзіне от арам етілетін кісі жайлы айтайын ба? Әрбір жуас, биязы, жеңіл туысқа от арам болады».

Алланың елшісінің (алайһи ассолату уа ассалам) қарапайым болғаны соншалықты, тіпті тамақ болмаған кезде оразаға ниет ететін. Айша анамыздың, Алла Тағала оған разы болсын, кезегі келген түнде пайғамбарымыз (алайһи ассолату уа ассалам) оған құлшылыққа босатуын сұрайтын, яғни түнді намазға арнауын қалайтын, сонда ол: сені разы етуден басқа арманым бар ма?, - деп жауап беретін. Ал қазіргі кезде кейбір адамдар тамақ уақытында дайын болмай қалса болғаны, бар дүниені басына көтереді, сол сияқты кейбір әйелдер күйеуінің шамасына қарамай, ананы әпермедің, мынаны сыйламадың деп, аяқ астынан тыныштықты бұзып жанжал шығарады. Биязы әрі жеңіл адам әркімнің қажетіне уақыт табады, оған мақсатыңды ашып, ойыңды жеткізе аласың, өзіне берілген қызметті тиянақты орындайды, тапсырма алудан ешқашан қашпайды, қайда жүрсе де жағымды көрініп береке табады.

Қаттылық уақыттың берекесін қашырады, жолды ауырлатады, оған ойыңды жеткізе алмайсың, бір істі тапсыра алмайсың, әрдайым қайшылыққа жол ашады, ой өрісінің тарлығынан, жан дүниесінің қаттылығынан ондай жанның ортақ мүддеге ат салысуға үш қайнаса да сорпасы қосылмайды.

материал «Отбасы бақытына апаратын отыз жол» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: