29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Ең кемел төрт әйелден алатын үлгі-өнеге

Ең кемел төрт әйелден алатын үлгі-өнеге

Исламдағы отбасы
Жарнама

Әсия анамыздың өмірінен алар үлгі-өнегеміз:

  • Батылдылық, қайсарлық
  • Алладан басқа ешкімнен қорықпау
  • Алла жолында соңына дейін бару
  • Алланың разылығын ғана іздеу
  • Атақ пен байлыққа құмартпау
  • Қарапайымдылық
  • Шынайы иман
  • Алладан ғана көмек сұрау
  • Қиындыққа тап болғанда сабыр ету, наразылық танытпау
  • Аллаға жақын болуды аңсау
  • Тек Аллаға тәуекел ету
  • Дінге деген адалдық, иманға беріктік
  • Айтқан сөзден таймау, табандылық
  • Адасқан, зұлым қоғам мен күйеуіне қарамай, сылтауратпай, иманды сақтап қалу
  • Аллаға деген шынайы махаббат
  • Төзімділік
  • Алланың мейірімі мен көмегінен үміт үзбеу

Хадиша анамыздан алатынүлгі-өнеге:

  • Сабырлылық
  • Ешқашан наразылық танытпау
  • Күйеуіне толық бойұсыну
  • Мейірімділік
  • Басқаларға көмек жасап, сыйын тек Алладан күту
  • Байлық пен мансапты жүрекке байламау
  • Даналық
  • Үміт үзбеу
  • Әрдайым күйеуіне қолдау көрсету
  • Қиналғанын басқаларға білдіртпеу
  • Көркем мінезділік
  • Шынайы иман
  • Әрдайым күлімдеп жүру
  • Көп садақа жасап, мұқтаждарға көмек беру
  • Ешқашан кері тартпау
  • Әрдайым жақсы сөйлеу
  • Үлкен отбасына қамқорлық таныту
  • Күйеуге деген шынайы махаббат, ерекше сыйластық
  • Алла жолында өзін құрбан ету
  • Ең бірінші болып иман ету
  • Жаман ой мен сөзден алыс болу
  • Табандылық
  • Абыройлы, сыйлы бола білу
  • Күйеудің көңілін таба білу

Мәриям анамыздан алатын үлгі-өнеге:

  • Вертикальді болу
  • Барлығын тек Алладан күту
  • 24 сағ Алламен байланыс, еске алуларлығын сақтау
  • Бөтен ер адамдардың көзіне түсуден абайлау
  • Аллаға нық сенім, толық тәуекел
  • Ризығы жайлы ойламау , Аллаға тәуекел ету
  • Анасына құрметі
  • Шынайы, дұрыс ниеті
  • Жүрек тазалығы, ой, тіл тазалығы
  • Үмітін ешқашан үзбеу
  • Алладан тек жақсыны күту
  • Алла жайлы тек жақсы ойлау

Фатима анамыздан алатын үлгі-өнеге:

  • Ата-анасына құрметі, оларды сыйлауы
  • Еңбекқорлығы, ешкімнен ештеңе күтпеу, біреуді жұмсамауы
  • Көркем мінез
  • Қарапайымдылық, кішіпейілдік
  • Жомарттық
  • Әр түні үзбей зікір етуі (33 рет Субханаллаһ, 33 рет Альхамдуллиляһ, 34 рет Аллаһу Акбар)
  • Пайғамбарымыз сүннетін ұстануы
  • Күйеуін мақтауы, оның көзқуанышы болу
  • Ұялшақтық, арлылығы
  • Өзге аналарымызбен жарыспау
  • Қызғанбау
  • Өзгелерді көтере, мойындай білу
  • Бұл дүниеге мүлдем қызықпау 

Осы үлгі-өнеге арқылы Алла сіздің бойыңызға ең көркем қасиеттерді нәсіп етсін!

 

материал «Көркем мінезді аруға» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: