04
Сенбі,
Мамыр

һижри

«Мен оған тұрмысқа шыққанда, ол президент болар еді»

«Мен оған тұрмысқа шыққанда, ол президент болар еді»

Исламдағы отбасы
Жарнама

Жоғарғы оқу орнында оқыған екі дос жігіт, топтағы бір қызға ғашық болыпты. Содан қыз бір жігітті таңдап, соған тұрмысқа шығыпты.

Екі жігіттің достығы сол жерде аяқталыпты. Арада бірнеше жыл өтіпті. Ерлі-зайыптылардың өмірі тамаша екен, күйеуі бір елдің президенті болыпты. Содан ерлі-зайыптылар бір күні кешкі асқа мейрамханаға барыпты, мейрамхананың сыртында бір көліктің жанында тұрған ескі достарын көреді, бір-бірін танып, амандасып, жөн сұрасады. Әлгі достары ең үздік студент болғанына қарамастан, біреудің көлік жүргізушісі болып жұмыс істейтінін айтады. Содан ерлі-зайыптылар ішке кіріп, дастархан басында әңгімелесіп отырады. Күйеуі әйеліне қарап: «көрдің бе, сен егер ана жігітке күйеуге тигеніңде, көлік жүргізушінің әйелі болар едің», - дейді.

Сонда әйелі: «жоқ, жаным, қателесесің. Егер мен оған күйеуге тигенде, ол ел президенті болар еді», - дейді. Келіншегінің сөзіне ойланып қалған жігіт, жеткен жетістігінің барлығы, әуелі Алла, одан кейін үйдегі ақылды әйелінің арқасы екенін мойындапты.

материал «Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: