27
Сенбі,
Сәуір

һижри

«Біреуді жамандау керек болса ата-анамды жамандаушы едім»

«Біреуді жамандау керек болса ата-анамды жамандаушы едім»

Исламдағы отбасы
Жарнама

Абдуллаһ ибн Мубарак (ол кісіге Алланың рахымы болсын) айтады:

«Біреуді жамандау керек болса ата-анамды жамандаушы едім». Өйткені біздің жақсылықтарымызға (сауаптарымызға) бірінші жақындарымыз, ата-анамыз лайықтырақ. Сол сияқты бір кісі өзін жамандаған кісіге былай хат жазған екен: «Алламен ант етемін, егер жаман дұға сұрауға болса, сен мені жамандауын тоқтатпаса екен - деп, сұраушы едім және жер бетінде мені жамандайтын адам ғана қалсын деп сұраушы едім».

Еш қиналусыз, еш шаршаусыз, келетін сауаптар солар. Сондықтан біреу сені  жамандаса, ашуланба, қуан, рахаттан. Егер біреу айтса, сені біреу жамандаса, саған млн беремін десе, тезірек мені жамандаса екен деп тілеуші едік. Ойыңды өзгерт, сезімің өзгереді. Мақсат пен себептің ортасын ажырата біл. Сенің мақсатың ақырет (қиямет) бұл дүние емес. Сондықтан бұл дүниеде жүйкеңе тиетін нәрселерді таста...

материал «Бақытқа жетудің сыры» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: