04
Сенбі,
Мамыр

һижри

Шаңыраққа береке табыспен емес, мейіріммен кіреді

Шаңыраққа береке табыспен емес, мейіріммен кіреді

Исламдағы отбасы
Жарнама

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шаңырағындағы өмірін жұбайларының естелігінен оқып білеміз.

Айша (Алла оған разы болсын) анамыз ардақты жолдасы жайлы сыр шертіп: «Етеккір кезім. Су ішіп, кесені ол кісіге ұзататынмын. Ол да менің ернім тиген жерден су ішетін. Сүйекті мүжіп ұсынатынмын. Ол кісі менің тісім тиген жерінен жейтін», – дейді. Міне, мұны көңіл дейді. Бұл ешбір жауһарға сатып алынбайтын жұбайлар арасындағы жылулық. Жолдасының жылы сөзі мен қамқорлығы әйел үшін әлемнің қазынасынан да артық. Шаңыраққа береке табыспен емес, жұбайлардың өзара бір-біріне деген мейірімі һәм жылуымен кіреді.

Хадиске қайта оралсақ, етеккір күндері басқаша айтқанда күйеуіне аса ұнамайтын уақытта жұбайына ерекше жұмсақ болуы сіз бен бізге үлгі. Бір кісі: «Мен ол күндері өз бөлмемде, әйелім өз төсегінде жатады, – депті. Басқа сөзбен айтқанда керек кезде бірге жатам. Етеккір күндері әйеліме көңіл бөлуге уақыт жоқ дегені ғой.

Енді мына бір хадиске қараңыз. Айша (Алла оған разы болсын) анамыз әңгімелейді: «Менің етеккір күндерімде Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) басын тіземе қойып, Құран оқып жататын». Тағы бір риуаятта: «Мен етеккір болып, Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шашын тарайтынмын», – дейді. Бұл бір жағынан таза емес күндері әйелінің жанында Құран не намаз оқуға ешнәрсе кедергі еместігін көрсетеді. Екінші жағынан жұбайлық өмірдегі бір-біріне деген ыстық пейілді білдірсе керек.

Ардақты Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әйелдеріне ерекше ілтипатты еді. Әзіреті Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз қолымен ас беріп, мүбәрак қолымен сусын ұсынатын. Алайда, бұл жұбайына бірауыз жылы сөзін қимайтын еркек санасына сыймайтын дүние. Десе де, таңғалатын жайт емес. Өйткені қадірлі Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Сағд бин Әбу Уаққасқа (Алла оған разы болсын): «Сен әрбір жұмсаған нәпақаң үшін сауап иеленесің. Тіпті әйеліңнің аузына салған бір түйір ас үшін де», – деген. Әрине, бұл бір түйір ас жұбайлық сезіммен дәмді болса керек.

материал «Үйленбей тұрып үйрен» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: