28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

«Сіз» деп сөйлесу отбасылық өмірде өте маңызды

«Сіз» деп сөйлесу отбасылық өмірде өте маңызды

Исламдағы отбасы
Жарнама

«Сіз» деп тұрып қатты сөз айта алмайсың. «Сіз» деп боқтау қиын.

«Сіз» десіп ұрысып тұрған екі адамды елестетші. Безобидный ғой иә. «Сіз» деген сөз бейне бір шу басқыш (глушитель) сияқты. Оқтың дауысын басып тұрады. Қатты сөз айтып қойып, қарым-қатынасқа үлкен сызат түсіруге болады.

«Сіз» деген сөзде арадағы нәп-нәзік шекараны белгілеу бар. Отбасылық өмірде бұл өте маңызды деп ойлаймын. Әркімнің өз әлемі бар. Әркім өз әлемінің шекарасын білуі керек. Білмесе не болады? Білмесе басқа біреудің шекарасына өтіп кетуі мүмкін. Содан көп проблема шығады. «Сіз» деген соң, оған тұлға ретінде қарай бастайсың.

Кейде айтады ғой «Ішкі әлеміңді өзгерте алмасаң, онда сыртқы әлеміңді өзгерт» деп. Мысалы, өзіңді сыпайы болуға баулығың келеді. Бірақ дөрекілік бойыңа сіңіп қалған. Ішкі эмоцияларың икемсіз. «Рухани жағымды дамытайын, эмоционал зердемді күшейтейін» деп өзіңді тәрбиелей бастайсың. Яғни, ішіңді өзгертуге тырыса бастайсың. Сонда «сыпайы бола бастаймын, сіз деп айта бастаймын» деп ойлайсың.

Керісінше жасап көрсек ше? Сыртыңды ғана өзгертіп көрші. Мысалы, «сіз» деп айта бер үлкенге де, кішіге де. Ішкі қарсылыққа мән берме. Сөйтіп бір күні сол жай «сіз» деп айта беруің сенің ішкі болмысыңа айналып шыға келеді. Іштей өзгере бастайсың. Болмасаң да, ұқсап бақ. «Fake it until make it» деген де бар. Іштей сыпайы болмысқа ие болғанша сырттай сыпайы сияқты кейіп таныт.

материал «Не үшін үйлену керек?» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: