«Солай сияқты», «соған сенемін» деген секілді сөздерді қолданған жөн.
Өзіңдікін дəлелдеуге тырысып, айтқаныңнан қайтпай қатып қалуға болмайды. Кеңес айтқанда «қаласаң қолдан, қаламасаң қолданба» деген ұстанымда болу керек.
1. Өзіңнің одан көп білетініңді білдірме. Жоспар құрып, шешімін айтып, көп ұсыныстар айтып кетіп жүрме.
2. Өзіңді анасы секілді ұстама. Аяушылық білдірме.
3. Еркек сияқты сөйлеспе. Еркектер секілді істі егжей-тегжейлі талқылап кетпе.
Əйел қалай қолдау керек?
Əйел еркекке бойсұнғанда, оның лидерлік ойларымен келіскенде некеде гармония орнайды. Бірақ үнемі олай бола бермейді. Əйел еркектің ойымен келіспейтін жағдайлар да туып жатады.
1. Əйел күйеуінің пікірімен келіспеген жағдайда… Есте сақтаңыз, сіз идеяны емес, оның айтушы адамды қолдайсыз. Ондайда күйеуіңізге: «Сіздің пікіріңізбен келіспеймін. Бірақ сіздің өз дегеніңізді істегеніңізді қалаймын. Нəтиже қандай болса да сізге қолдау білдіремін» деңіз. Əйелде күйеулерімен жиі келіспей жатады. Көбіне ақшасынан айрыла ма, бизнесін жоғалта ма деп қорқады. Алайда тəуекелге бармай еркек қашан жетістікке жетіп еді? Оған Авраам Линкольннің өмірі дəлел. Онымен келісіп, қателесуіне мүмкіндік беріңіз. Материалдық жағдайдан бақытты отбасы маңыздырақ.
2. Ерке күмəнданса… Кейбір еркектер ұзақ ойланады, шешімді əрең қабылдайды. Ондайда күйеуіңіздің қорқынышынан арылуға көмектесіңіз. «Неге сонша созбақтайсың? Қорқатын дəнеңе де жоқ» дегеннің орнына: «Қымбаттым, сенің не сезініп тұрғаныңды біліп тұрмын. Бұлай ұзақ ойланатын жөнің бар. Сенің орныңда мен мұндай маңызды шешімді мүлде қабылдай алмас едім» деген дұрыс. Мұндай пікір оның батылдығын тудырары анық. Еркекке кеңес бергенде немесе қолдағанда оның лидерлік қасиетіне екпін түсіріңіз.
материал «Сүйікті әйел болудың құпиялары» кітабынан алынды,
ummet.kz