27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Үлкендерді құрметтеу әдебі

Үлкендерді құрметтеу әдебі

Исламдағы отбасы
Жарнама

«Кішкентайларымызға қамқорлық жасамаған, үлкендерімізге құрмет көрсетпеген кісі біздің қатарымыздан емес» деген Мұхаммед пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дінімізде үлкендерге құрметпен, ал кішілерге сүйіспеншілікпен қараудың маңызды қағида екенін көрсетті (Тирмизи, Жиһад 24; Әбу Дәуіт, Жиһад 70).

Үлкендердің алдында әдепті сөйлеу, қоғамдық орындарда орын беру, әуелі үлкендерге сөз беру, олардың қасында дауыс көтеріп сөйлемеу, орынсыз әрекеттер жасамау әдептілікке жатады.

Бәріміз бір күні қартаямыз. Қарттарды құрметтеген адам қартайғанда өзі де құрметке бөленеді. Бұл ақиқатты Пайғамбарымыздың «Егер жастар қарияларға құрмет көрсетсе, өзі де қартайғанда Алла тағаланың қалауымен жастардың арасында сый-құрметке ие болады» (Тирмизи, Бирр 15; Әбу Дәуіт, Әдәб 58) деген сөздері растайды. Аталған хадис үлкенге құрмет көрсеткен кісінің мол сауап алатынын және көп жасайтынын сүйіншілеп тұр.

Арамыздағы қариялар – берекенің қайнар бұлағы. Солардың арқасында несібеміз артып, қиындықтар мен бәлелер бізден аулақ жүргенін ұмытпауымыз қажет. «Егер еңкейген қариялар, еңбектеген сәбилер болмаса, пәлекеттер үстеріңе селдей ағылатын еді» (Ажлуни, Кәшфул-Хафа, 2/230) деген хадис те жадымызда болуы керек.

Сүйікті Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Шашына ақ түскен жасы үлкен мұсылманға, Құран кәрімді жаттап хафыз болған әрі өзі оқыған үкімдерді үздіксіз жүзеге асыратын кісіге және әділетті сұлтанға қызмет көрсету – Аллаға құрмет көрсету деген сөз»  (Әбу Дәуіт, Әдеп, 20) деп айтқандай, қарияларымызға құрмет қарау Аллаға құрметпен көрсетудің бір түрі болмақ.

материал «Мұсылман әдебі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: