02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Отбасы үшін қайсысы маңызды: байлық па, иман ба?

Отбасы үшін қайсысы маңызды: байлық па, иман ба?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Қазіргі таңда, əлемге дүние-мүлік билігін жүргізіп жатқан мына заманда адамдардың да көзқарастары өзгерген. Бұл тіпті мұсылмандардың ой-өрісіне де айтарлықтай əсер еткен.

Сондықтан ақыретті ұмытып, осы өмірді көп ойлау, əркімді байлығына қарай бағалау, тіпті жар таңдарда діндарлығынан бұрын материалдық жағына көңіл бөлу мұсылмандардың қалыпты жағдайына айналғандай.

Алайда Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) мұсылманның дүниеге көзқарасының қандай болу керектігін шегелей айтқан, əр сөзі мірдің оғындай ұлағатты хадисі бар. Оқиғаны сахаба Сəхл ибн Сағыд (р.а.) баян етеді: «Бір күні Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) қасынан бір бай кісі өтіп бара жатты.

Оған көз салған Алла елшісі (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):

– Мына кісі жайында не дейсіңдер? – деп сұрады. Қасында отырғандар:

– Бұл адам егер бір əйелмен үйленгісі келсе оған некелесуге, біреуді қол астына алса, қамқорлығы қабыл етілуге, көзқарасын білдіргенде сөзі тыңдалуға лайықты кісі», – деді.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) үндемеді. Сол кезде қастарынан мұсылман кедей кісі өтті.

– Ал мына кісі туралы не дейсіңдер? – деп Алла елшісі жанындағыларға сұраулы жүзбен қарап еді, отырғандар:

– Бұл адам бір əйелмен үйленгісі келсе онымен отау көтеруге, біреуді қанатының астына алса қамқорлығы қабыл етілуге, көзқарасын білдіргенде сөзі тыңдалуға лайықты емес», – деді.

Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):

– Əлгі кедей жаңағы бай кісідей мыңдаған адамнан қайырлы, – деді.

материал «Идеал отбасы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: