16
Сәрсенбі,
Қазан

һижри

Ерлі-зайыптылардың бірге моншаға түсулері күнә емес пе?

Ерлі-зайыптылардың бірге моншаға түсулері күнә емес пе?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Ерлі-зайыптылардың бірге моншаға түсулері күнә емес.

Өйткені, Пайғамбарымыздың жұбайы Мәймүнә (р.а.) Алла елшісімен бірге жуынғандығын айтқан[1].  

Тек мынаны ұмытпау керек: монша көбіне жын-шайтандардың мекен ететін орны болғандықтан, моншаға кірер кезде «Бисмилләһ» деп айтқан жақсы. «Бисмилләны» айту арқылы моншадағы адам мен жын-шайтан арасында бейне бір перде пайда болады. Осылайша, ұятты жерлерін олардың (жындардың) сұғынан қорғаған болады.   

Әзіреті Әлиден келтірілген бір риуаятта Алла елшісі (с.ғ.с) былай деген: «Адам баласы оңашаланған уағында (яғни, әжетханаға яки моншаға кірер кезде) «Бисмилләһ» деп айтса, әурет жерін жындардың сұғынан қорғаған болады»[2].

 

[1] Сахих Мүслим.
[2] Тирмизи - №606 хадис

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: