10
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Некенің негізгі мәселесі – шығын политикасы

Некенің негізгі мәселесі – шығын политикасы

Исламдағы отбасы
Жарнама

Некенің тағы бір негізгі мәселесі – шығын политикасы. Әрбір ерлі-зайыпты жандар қаражат мәселесіне қатысты экономикалық ымыраға келу керек.

Қазіргі таңда қоғамда тараған: «Шығын қаншалықты көп болса, соншалықты бақытты боласың. Адамдардың қажетті сүйіспеншілігі мен құрметіне осылайша жетесің» деген түсінігі, жас жұбайларды қажетсіз шығын жасауға итермелеп жатқан жайы бар.

Мәселен, қазіргі жастар көріп жүрген телехикаялар мен фильмдер, тыңдап жүрген әндері мен клиптері, тіпті оқып жүрген кітаптары барынша осы асыра шығын шығаруды жарнамалауда. Есіңізге түсіріңізші, олардың қайсыбірінде кедей әрі бақытты адамды көрсетеді? Керісінше: «Бақыт тек байдың қолында, бақытты болу үшін көп ақша жұмсау керек» – деп, бар әлемге жар салуда. Сол үшін көптеген ерлі-зайыптылар осы мәселеде қажетті келісімге келе алмағандықтан туындаған кейбір экономикалық проблемалар тұрмыстық шиеленістерге душар етеді. Осылайша некенің басты құндылығы болып табылатын бақыттарын, шығын политикасының қате құрылуына байланысты жоғалтып жатыр. Ал егер ерлі-зайыптылар бұл мәселеде келісімге келіп, қажетсіз шығындардан аулақ ұстанып, люкс нәрселердің арбауына шалдықпаса, бақыт жолына маңызды қадам басады.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: