03
Жұма,
Мамыр

һижри

«Аллаға бір күнә жасасам, оның салдарын әйелімнің мінезінен көремін»

«Аллаға бір күнә жасасам, оның салдарын әйелімнің мінезінен көремін»

Исламдағы отбасы
Жарнама

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Әйелдердің ең жақсысы қарағанда көзіңді қуантатыны, айтқаныңды екі етпейтіні және үйде жоқтығыңда ар-намысы мен мал-дүниеңді қорғайтыны», – деген екен. Әйелдің үш қасиеті. Жүріс-тұрысы, өзін ұстауы және киінуі күйеуінің көңілінен шығатындай әсем және жарасымды. Ал бір нәрсе айтса, қарсы келмей ортақтасып, шешімге келе білетін. Ең маңыздысы, ар-намысты бәрінен де биік ұстауы. Айша анамыздан (Алла оған разы болсын): «Ең жақсы әйел қандай болады?» – деп сұраған екен. Мұсылмандар анасы: «Жаман сөз атауын білмейтін. Еркек атауына құлақ түрмейтін. Жүрегінде тек күйеуі үшін сұлу болу ойы бар. Отбасы мен ошақ қасын ойлайтын», – деп жауап берген екен.

Қазыбек би:

«Жақсы бір болса алғаның, қоғамды болар жан жағың.
Жаман бір болса алғаның, үйіңнен кетпес жанжалың», – деген екен. 

Байқасаңыз, мұның барлығы әйелге қойылатын талап. Ер азаматқа ешбір талап жоқ. Қыз кезінде барлығы жақсы, жаман әйел қайдан шығады? дегендей. Алайда әйелдің оғаш мінезіне тікелей күйеу себепкер болуы мүмкін. Бұған қатысты, ғұлама Фудайл бин Ғияд (Алла оған разы болсын): «Алла Тағалаға бір күнә жасасам, оның салдарын көлігім мен әйелімнің мінезінен (іс-әрекетінен) көремін», – деген екен.

Фудайл бин Ғияд – хадис ғалымы. Жағфар Садыққа шәкірт, Ибн Мубарак пен Ибн Уйайнаға ұстаз болған. Демек, күйеуінің жүріс-тұрысы әйеліне әсер етеді. Төле би:

Әйелің жақсы болса: Бірінші – иманың,
Екінші – жиғаның,
Үшінші – ырысыңның тұрағы...

Олай болса, әйелді емес өзімізді түзетуіміз қажет. Ал әйел бізге қарап бой түзейді.

материал «Үйленбей тұрып үйрен» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: