05
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Күйеуі шақырғанда бас тартуға болатын кездер бар ма?

Күйеуі шақырғанда бас тартуға болатын кездер бар ма?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Исламда күйеуі төсекке шақырған кезде әйелінің үзірсіз бас тартуы күнә болады. Бас тартуға үзір болар себептерді былай сайып өтсе болады:

  1. Хайыз-нифас кезі.
  2. Ауырып тұрған болса.
  3. Қаза оразаны немесе Рамазан оразасын өтеп жатқан болса.
  4. Үйде қонақ болып, күндіз қатынасқа түсуі ыңғайсыздық тудырса.
  5. Оңашалануға мүмкіндік болмай, балалар кіріп-шығып жүрсе.
  6. Күніне бірнеше рет қатынасқа түсу әйелге ауырлық тудырса, мұндайда күйеуіне білдіріп, күйеуі түсіністік танытқаны жөн.
  7. Т.б. осы сияқты күйеуінің талабын қанағаттандыруға кедергі келтірер маңызды себептердің салдарынан бас тартып жатса, күнә жазылмайды деген үміт бар. 

Ал ешқандай себепсіз бас тартуы күнә болады. Бұған байланысты хадисте былай делінген: 

 «Күйеуі әйелін төсегіне шақырған кезде, әйелі бас тартып, күйеуі оған ашуланған күйі түнесе, ол әйелге таң атқанға дейін періштелер лағынет айтатын болады»1.

1  Имам Мүслім: «Сахих Мүслім», 1436.; Имам Бұхари: «Сахих Бұхари», 3237 хадис.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: