27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Балаңызға ренжігенде теріс тілек айтып қоймаңыз

Балаңызға ренжігенде теріс тілек айтып қоймаңыз

Исламдағы отбасы
Жарнама

Ата-аналар кейде балаларына кейіп «өлім келгір», «тұқымын құрысын», «атың өшкір» т.б. сол сияқты сөздер айтып жатады.

Ондай теріс тілектер баланың тәрбиесіне және мінезіне кері әсер етеді екен. Егер баламыз тіл алмайтын, қарсы шығатын шатақ боп өсіп жатса, немесе сабаққа селқос, жаман жүріске үйір боп бара жатса, демек оның ондай боп өсуінде ата-ананың оған қатысты абайсызда не ашумен айтқан теріс батасының да әсері бар. Сол себепті балаларымызға ашуланғанда не ренжігенде тілімізге абай болуымыз керек екен. Бұған байланысты кітаптарда мынадай оқиға баян етіледі:

Әбу Ханифаның шәкірттерінің бірі, хадисші әрі фақиһ ғұлама Абдулла ибн Мүбәракқа бір кісі келіп, баласының мінез-құлығының нашарлығына шағымданыпты.

Абдулла ибн Мүбәрак одан сұрапты:

- Оған теріс тілек айтып па едің?

Әкесі:

- Иә, -  деп жауап беріпті.

Сонда Абдулла ибн Мүбәрак оған:

- Оны бұзған сенсің! - деген екен.

материал «Бала тәрбиесіндегі 25 қателік» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: