24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Әйелдің сабыры – күйеуді өзгертеді

Әйелдің сабыры – күйеуді өзгертеді

Исламдағы отбасы
Жарнама

Бір әйел күйеуі екеуінің қарым-қатынасының нашар екенін айтып бір дана қарт кісіге келіпті.

Күйеуінің табыс таппайтынын, қол көтеретінін, көзге шөп салатынын айтса керек. Сонда қарт әлгі әйелге бір тас беріпті. «Бұл сиқырлы тасты аузыңда бір ай бойы шығарма, бәрі жақсы болады» депті. Әйел тасты аузына салып алып кеткен екен. Сөйтіп бір айдан кейін қуанып, дана қартқа алғысын жаудырыпты. «Мына тастың сиқыры керемет екен, күйеуім мықты адамға айналды, бақытты отбасы болдық» депті.

Сонда қарт: «Бұл жай ғана тас еді, сен осы тастың арқасында күйеуіңнің өзгеретініне сендің және аузыңда тас болғандықтан ұрыспай, сабырлы болдың. Күйеуің сол қасиеттерің үшін сені бағалап, жақсы көріп кетті» деген екен. Міне әйелдің сенімі, сабыры – күйеуді өзгертеді.

материал «Қымбат әйел» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: