22
Жұма,
Қараша

һижри

Үйленгелі жатқан баласына әкесінің айтқан 8 өсиеті

Үйленгелі жатқан баласына әкесінің айтқан 8 өсиеті

Исламдағы отбасы
Жарнама

Көпті көрген бір әке өзінің үйленгелі жатқан кенже ұлына мынадай өсиет айтыпты:

1) Ұлым, әйелдер нәзіктік танытқанды жақсы көреді және сүйетіндігіңді ашық айтқанды ұнатады. Ол жөнінен әйеліңе сараң болма. Егер жылы сөздерге сараң болсаң, араларың суиды, бір-бірлеріңе деген сүйіспеншіліктерің азаяды.

2) Әйел заты тым қатал, дөрекі еркектерді ұнатпайды, алайда өте жұмсақ, әлсіз еркекті қолданғысы келеді. Сондықтан да, сенің бойыңда екі сипаттың екеуінен де орнымен болсын. Сонда сүйкімді боласың әрі іштей сенімді боласың.

3) Ер адамдардың өз әйелдерінен көргісі келетін тазалық, жылы сөз, жылы жүзділік, жұпар иісті болу сияқты ұнамдылықтарды әйелдер де өз күйеулерінен көргісі келеді. Сондықтан да, әйеліңнен не күтсең, өзің де сол нәрселерді әйеліңе көрсете біл.

4) Үйдің патшайымы – отанасы. Ол «отау» деп аталатын кіші мемлекеттің әйел патшайымы. Сондықтан да, әсте, оның патшалығын талқандаймын деп, немесе оны тақтан түсіремін деп ойлама. Олай етер болсаң әйеліңнің кішігірім патшалығын басып алған боласың. Ал бір патша үшін өзінің патшалығын басып алғаннан асқан жау жоқ.

5) Әйел кісілер еркектің қисық қабырғасынан жаратылған. Әйелдің әдемі әрі тартымды болуының сыры да сонда. Мысалы, қастың сұлулығы – қиғаштығында. Сондықтан, әйелдің қисық қабырғадан жаратылғаны айып емес. Егер қате жасаған болса, қатты сөкпе. Қисық қабырғаны түзеймін деп тырыссаң, сындырып аласың. Алайда, мүлдем еркіне жіберме. Олай етсең қисықтығы артып, өзі біләрман болып кетеді де, сені тыңдамай қояды. Орташа бол.

6) Әйел баласы жақсылықты тез ұмытқыш болып келеді, табиғаттары солай. Егер әйеліңе өмір бойы жақсылық істеп келіп, бір мәрте жамандық істесең: «Сенен ешқандай жақсылық көрген жоқпын» деп шығады. Әйткенмен, әйелдің бұл қылығы оны жек көруге және одан бет бұруға жетелемесін. Өйткені әйелдің бір жөні ұнамағанымен, ұнайтын басқа жөні де бары анық.

7) Әйел баласының кейде шаршап, шалдығып, мазасы болмайтын кездері болып тұрады. Ұлы Алла Тағаланың өзі әйелдердің мұндай халдерінде намаз оқу және ораза ұстау сияқты міндеттемелерден босатқан. Сондықтан, көңіл-күйі қашып, мазасы болмаған кездерде, Жаратушы Иесі жеңілдік танытқандай, сен де оған жеңілдік таныт. Тым талапшыл болма.

8) Ұмытпа. Әйелің – аманатың. Аманатқа қиянат қылма. Сонда, әйелің - үйіңнің ұйытқысы, өмір жолыңдағы адал серігің болады. 

материал «Ислам және отбасы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: