10
Бейсенбі,
Қазан

һижри

Үйлену үшін истихара оқуға бола ма?

Үйлену үшін истихара оқуға бола ма?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Жәбир ибн Абдулла:«Алла елшісі (с.ғ.с) бізге әрбір істе истихара оқуды Құраннан бір сүрені үйреткендей үйрететін еді...», - дейді (Бұхари).

Абдулла ибн Масғуд: «Алла елшісі (с.ғ.с) бізге истихараны үйретті...», - дейді (Табарани).

Әбу Бәкір: «Расында, Пайғамбар (с.ғ.с) бір істі істеуден бұрын «Я, Алла, маған жақсырағын нәсіп ет, жақсырағын таңдап бер» деп тілейтін еді», - дейді (Тирмизи)

Үйлену үшін истихара оқуға болады. Бірақ «үйленсем бе екен, жоқ па?» деп оқымайды. Себебі үйлену – онсыз да сүннет. Кейбіреулерге уәжіп болуы да мүмкін. Бұл жерде истихараны белгілі бір адамға қатысты шешім шығару, таңдау жасау үшін ғана оқиды. Оның да дұғасы жоғарыдағыдай. Тек шаруасын айтқан кезде үйленуге қатысты шаруасын айтады.

материал «Истихара» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: