02
Сенбі,
Қараша

һижри

Аспандағы айды қаласаңыз, оған жақын жұлдыз болыңыз...

Аспандағы айды қаласаңыз, оған жақын жұлдыз болыңыз...

Исламдағы отбасы
Жарнама

Кімнен сұрасаң да иманды, ибалы, тақуа, салиқалы жар қалайтынын айтады… Аспандағы айды қаласаңыз, тым құрыса оған жақын жұлдыз болыңыз...

Адам баласы табиғатынан таңдағыш келеді. Үйдің зәулімін, көліктің жылдамын қалайды. Ол нәрсені таңдау үшін де адамда потенциал болу керек. Жар таңдау жағы да соған ұқсас. Бүгіндегі өзекті мәселенің бірі жар таңдау болып тұр. Кімнен сұрасаң да иманды, ибалы, тақуа, салиқалы жар қалайтынын айтады. Әлбетте таңдауға ешкім шек қоймаған. Бірақ ойлап көрдіңіз бе? Сіз сол иманды, ибалы болған жанға лайық бола аласыз ба?

Қыз яки жігіт деп бөліп қарамаймын. Бұл екеуіне де қатысты. Мәселен сіз өзіңізге сондай бір тақуа, орамалдағы қызды жар еткіңіз келеді. Әр ер адам өзіне осындай жанды қалайды. Себебі ол өзіне өзі көңіл көтерген қыздарды лайық санамайды. Бірақ мәселе сіздің лайық санамауыңызбен шешілмейді ғой. Алла жарияжасырын істің баршасынан хабардар емес пе?! Әрі Алла сіз үшін кім лайық боларын да шешіп береді. Ойламаңыз ендеше....Бүгін әр қызбен көңіл көтеріп, әуреті ашықтарға тесіле қарап жүріп сізге сондай бір тақуа жан жолығады деп.... Қыздарға да солай.. Бақа батпағын ғана көреді. Батпаққа белшеден бата жүріп, алтын тақты ханзаданы жолықтырам деп дәмеленбеңіз...Ол ертегіде ғана.

Бүгін батпақта жүрсеңіз ертеңнен ешқандай ертегі күтпеңіз. Өзіңізге кімді қалайсыз? Өзіңіз де соған лайық бола алыңыз. Мәселен, сұрайды намазхан қызға бейнамаз жігіт лайық бола ала ма деп... Сонда былай деп айтса болады: қыздың мүмкін сырты лайық болмағанмен іші лайық шығар. Ендеше ішіңізді түзеңіз. Ниетіңізді қуаттаңыз. Жүректе жоқ иманды жүзбен көрсетіп, бір тақуа жанды құрығыма топ еткізем десеңіз, қатты қателесесіз. Жүректегіні адам көрмесе де, оны жаратқан Раббымыз көріп тұр... Ұмытпаңыз! Сіз қалаған жақсы жан да өзі үшін жақсы жар қалайтынын. Өзіңізді тезге салыңыз. Таңдауға таңдаулылар ғана лайық.

Егер сіз таңдаулы бола алсаңыз, сізге Алла өзінің таңдаулы деген бір пендесін бұйыртады. Аспандағы айды қаласаңыз, тым құрыса оған жақын жұлдыздың бірі болыңыз...

материал «Мұсылманға ескерту» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: