21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Жүрегі уайымға толған әйелдерге сүйінші!

Жүрегі уайымға толған әйелдерге сүйінші!

Исламдағы отбасы
Жарнама

Жүрегі мұң мен уайымға толған әрбір әйелге сүйінші! 

Алла Тағала сендерді ешқашан ұмыт қалдырмады; Сендерге үлкен сауап бар әрі білместікпен жасаған күнәларың болса, оны да кешіреді. Қазынаға толы бұл кітапты аш та: 

Еңсеңді көтер, ары мен жаны таза, оразасы мен құлшылығына БЕКЕМ ЖАН!

Күлімдеп жүр, «орамалым тәжім» деп әдеппен әуретін жапқан салиқалы ӘЙЕЛ!

Садақа бер, білімге ғашық әрі көкірек көзі ояу ҚЫЗЫМ!

Ізденуден талма, жомарт, шынайы, сенімді әрі адал СҰЛУЫМ!

Жасқанба, Алланың мейірімін іздеп тәубе еткен төзімді НӘЗІГІМ!

Мұңайма, Әсият пен Мәриямнің, Хадишаның ізін жалғастырушы ӨЖЕТ ҚҰРБЫМ!

Өзіңді сүй, батырлар мен адамзат атаулының АНАСЫ!

Таза бол, жан тәрбиесінің қазынасын сақтаушы мен ҚОРҒАУШЫСЫ!

Байсалды бол, жат қылықтан өзін тыя білетін ҰСТАМДЫМ!

Олай болса ...айналаға жылу мен жақсылық шуағын шашатын күлкіге; ...жамандық атаулыны жырақтатып, дінімізге сай достық пен бауырластықты оятатын жылы сөздерге; ...жарлыларға қуаныш сыйлап, аш адамдарды тойдыратын жомарттыққа; ...Құран оқуға; Оны үйреніп, мағынасын түсініп, заңдарымен өмір сүруге, кешірім тілеуге; ...үнемі Жаратушыны еске алуға; дұға етіп шынайы тәубе етуге; ...балаңды шариғатқа сай тәрбиелеп, қазақилықты қастерлеуге баулып, оларды пайдалы іспен шұғылдандыруға; ...Жаратушы көрсетіп бергендей жабынуға және қарапайым болуға; ...Отанын, Құдайын жақсы көретін және құндылықтарды құрметтейтін әйелмен дос болуға; ... ата-ананы сыйлап, туысқандармен жақсы қатынас орнатып, көршілерді құрметтеп, жетімдерге дем беруге; ...қызықты әрі пайдалы кітап оқуға «ИӘ!» деңіз!

Ал ...уақытты бос өткізуді, араздық пен сөз таластыруды; ...ақша мен байлықтың соңынан көзсіз еріп кетуді; (денсаулық, ұйқы мен жанның тыныштығы маңызды); ...өзгелердің кемшілігін іздеуді, оларды өсектеуді; ...тәннің рахатына, аз уақыттық ләззатқа берілуді; ...қызықсыз адамдармен, бос күлкімен уақыт өткізуді; ...үйіңнің шашылып, кір-қожалақ болып жүруді; ...ішімдікті, темекіні, кальян секілді лас істерді; ...өтіп кеткен сәтсіздіктер мен қателіктерді ойлай беруді; ...арғы дүниені ұмытып, өлімді жоққа шығарып, бейқам жүруді; ...құлшылық пен дұғаға немқұрайлы қарап, ақшаңды харам нәрселерге жұмсауды тоқтат!

материал «IQызым» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: