10
Жұма,
Қаңтар

һижри

Қыздың құндылығын Құдайдың өзі көтеріп қойған

Қыздың құндылығын Құдайдың өзі көтеріп қойған

Исламдағы отбасы
Жарнама

«Кімнің 3 кызы бар болса, жақсылап тәрбиелеп, Құдаймен байланыстырса, сол жәннатқа кіреді» деген мағынада хадис бар.

Қыз бала үйде жүргенде әкені жәннатқа кіргізуге себеп болатын, онын төңірегіндегілерді бақытқа бөлейтін жан екен.

Ал, енді қарасан, біраздан кейін ол бір үйге келін болып түседі. «Сендердің араларыңдағы ең жақсы еркек – өзінің әйелімен жаксы қарым-қатынаста болған еркек» дейді. Сонда қыз бала әйел болған кезде де ең жақсы құрметке, ең жақсы қарым-қатынасқа лайықты тұлға болып тұр.

Енді бір уакытта ол ана атанады.

Ана болғанда ше?

- Жақсылықты бірінші кімге жасайын? - дегенде, Пайғамбарымыз Мұхаммед  (с.ғ.с):

- Анаңа.

- Екінші жақсылықты кімге жасайын? - дегенде:

- Анаңа.

- Үшінші жақсылықты кімге жасайын? - дегенде:

- Анаңа.

- Төртінші жақсылықты кімге жасайын?, - дегенде:

- Әкеңе, - деп жауап берген екен.

Сонда қыз бала кезінде де құрмет көруге тиіс. Келін болған кезде де жақсы қарым-қатынасқа лайық. Ал, енді ана болған кезде, тіптен, бүкіл жақсылықтың иесі болып шығады екен. Сондықтан Алла Тағаланың өзі қыз баланың бағасын, қадір-қасиетін мүмкін емес дәрежеге көтеріп тастаған. Өйткені исламға дейін қыз балаларды құл сияқты, зат сияқты көрген қоғамдар болған. Оны ерлердің біреуі жар етіп алып, біреумен ажырасса, келесі біреуі алып, келесі біреуі ажырасып тастап кетсе, тағы біреуі үйленіп кете берген. Немесе оларды жезөкшелер үйінің құралы сияқты пайдаланған кезеңдер болған, Алла сақтасын! Сондықтан қыз баланың құндылығын бірінші Алланың өзі көтерген.

материал «Еркем, өмірің болсын көркем» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: