20
Дүйсенбі,
Қаңтар

һижри

Үш әйелдің тілін тапқан еркек – мықты еркек

Үш әйелдің тілін тапқан еркек – мықты еркек

Исламдағы отбасы
Жарнама

Үш әйелдің тілін тауып, ортасын үйлестіріп отырған еркек – мықты еркек.

Ол кез келген жобаны алып кете алады. Ол қандай үш әйел? Әйелі, анасы, енесі. Осы үш әйелдің ортасын үйлестіріп, басқарып отырған еркек – мықты еркек. Олар кез келген мекемені, кез келген жобаны басқара алады. Өкінішке қарай, ондай мықты еркектер күннен-күнге азайып бара жатыр.

Әйел адам бай жерден шығуы мүмкін. Немесе өзінің бизнесі болуы мүмкін. Иә, ол өзінің кәсібін, бизнесін қалаған уақытында, қалаған нәрсесіне жұмсай алады. Бірақ ол нәрсені мүмкіндігінше күйеуінің мәртебесін түсіруге жұмсамау керек. «Сен аз табасың, мен көп табамын» демегені дұрыс. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) жұбайы Хадиша анамыз пайғамбарымызға тұрмысқа шығатын кезде бай әйел болатын. Өзінің ақшасы, өзінің кәсібі бар еді. Бірак оның мәртебесі, қаржысы, тауып жатқан дүниесі күйеуі Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дәрежесін түсіруге, ол кісіні екінші орынға ысырып тастауға жұмыс жасаған жоқ. Керісінше, коғамда күйеуінің мәртебесін көтеруге жұмыс жасады.

Мен мынадай көптеген ақылды келіндерді білемін. Ақшасы да, ақылы да бар, төркіні мықты. Олар өз қаражаттарын күйеуінің жольның ашылуына, мықты жігіт болуына, зиялы, иманды адамдармен араласуына, дамуына инвестиция қылып салды. Неге? Себебі мықты әйелдер күйеуін патша сияқты көтеріп, өзі патшаның әйелі болып өмір сүреді екен. Ал енді айласы әлсіздеу әйелдер өзінің күйеуін құл сияқты мыжиды екен де, өзі құлдың әйелі больп өмір сүріп жүргенін білмей қалады. Сондықтан егер сіздің қаржыңыз, қаражатыңыз, мәртебеңіз, жағдайыңыз жақсы болса, өзіңізге де, күйеуіңіздің де мәртебелі болуына сол қаржыны, сол мүмкіншілікті жұмсаңыз...

Күйеуіңіз коғамда қанша беделді болса, қанша мықты адамдармен араласса, сол игіліктің жемісін сіз де көресіз.

Еркек адамның мәртебесі биік болған отбасын ешкім басына алмайды. Ал еркегі әлсіз болса, әйелі қанша мықты болса да, қоғам оны басынуға даяр тұрады. Себебі қоғамда зұлым, әділетсіз адамдар бар. Әдемі, ақшалы әйелді немесе нәзік әйелді басынғысы келіп, зұлымдық жасағысы келіп тұратын адамдар болады.

материал «Еркем, өмірің болсын көркем» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: