05
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Балалардың бұзылуына өзіңіз себепші болып қалмаңыз!

Балалардың бұзылуына өзіңіз себепші болып қалмаңыз!

Исламдағы отбасы
Жарнама

Бір кісі атақты ғалым Абдулла ибн Мүбаракқа (Алла разы болсын) келіп, баласының өзіне қарсы шыққанын айтып шағымданады.

Сонда ибн Мүбарак (Алла разы болсын) одан:

– Оған қарғыс айттың ба? – деп сұрайды.

– Иә, – дейді әлгі кісі. Сонда ибн Мүбарак (Алла разы болсын) оған: «Онда оны өзің бұздың!» – деп жауап береді.

Ей, ата-ана! Балалардың бұзылуына өзіңіз себепші болып қалмаңыз! Балаңызға ашуланған сәтте қарғыс емес,  жақсы тілек пен дұға жасаңыз. Әрдайым оның түзу жолға түсуін, амандығын сұрап, Ибраһим пайғамбардың (Алланың сәлемі болсын) дұғасын тілеп жүріңіз: «Раббым! Мені де, ұрпағымды да намазды толық орындаушылардан қыла гөр!» («Ибраһим» сүресі, 40-аят).

материал Нұрбол Рахматилланың «Халал сиқыр» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: