07
Жұма,
Қараша

һижри

Күтім мен тәрбие – екі бөлек ұғым

Күтім мен тәрбие – екі бөлек ұғым

Исламдағы отбасы
Жарнама

Баланың киімі, тамағы, денсаулығы және ұйқы тәртібіне мән беру – күтім.

Ал оның дініне, ақылына және мінез-құлқына көңіл бөлу –  тәрбие. Атааналардың көпшілігі осы екеуін шатастырып, тек күтіммен шектеліп жатады. Осылайша, тәрбие тасада тыс қалады. Балаға көзді харамнан сақтауды үйрету, ал қызды шариғи киім киюге дағдыландыру – бұл тәрбиенің нағыз мақтанышы. Ауызды, жүректі және денені бүліктен қорғау, жақсы адамдарға ұқсауға талпындыру – тәрбиенің жарқын мысалдары.

Сондықтан жақсы тәрбиеші болуға ұмтылыңыз! Бұл сіздің дініңіз үшін мақтаныш әрі дұшпаныңыз үшін күйініш болмақ.

Егер балаңыз жылап жатса, оны жұбатуға уақыт жоғалтпаңыз. Оның назарын аспандағы көгершінге немесе бұлтқа аударыңыз. Сонда ол өздігінен тынады. Адамның жылау физиологиясы – төменге қараумен байланысты. Балаларды бассейннен шығарғыңыз келсе, «Қазір шығыңдар!» деп айтпаңыз. Оның орнына: «Әлі бес минут бар», – деп ескертіңіз.

Кейін: «Екі минут қалды», – деп қайталаңыз. Соңында: «Енді шығатын уақыт келді», – десеңіз, олар өз еркімен шығады. Егер шулап жатқан бірнеше баланың назарын аударғыңыз келсе, жай ғана: «Мені естігендер қолын көтерсін!» – деп айтыңыз. Алдымен бір бала, кейін екіншісі қол көтереді. Осылайша, бәріне әсер етіп, тыныштық орнайды.

материал Нұрбол Рахматилланың «Халал сиқыр» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: